"МАКО" акционерлiк қоғамының Өскемен жiбек маталар комбинатында кард мақта-мата жiбiн шығару үшiн жiп иiру өндiрiсiн техникалық жағынан қайта жарақтандыру және торап бойынша жаңарту" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 19 қыркүйек 1994 ж. N 1033

      "Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 K941607_ Қаулысына және Шетел кредиттерi жөнiндегi комиссияның 1994 жылғы 19 қыркүйектегi N 3-13 шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "МАКО" акционерлiк қоғамы мен Германияның "Текстима" фирмасы арасында кардтық жiп иiру үшiн желiсiн қайта құруға жалпы сомасы 17,5 млн. немiс маркасына жасасылған контракт мақұлдансын.
      2. Жобасын қаржыландыру Германияның Қазақстан Республикасына беретiн кредит желiсi шеңберiнде жүргiзiлсiн.
      3. "МАКО" акционерлiк қоғамы заем алушы ретiнде барлық қажеттi кепiлдiктердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жоба үшiн Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
      4. Қазақстан Әлем Банкiсi немiс банкiсiмен дербес кредиттiк келiсiм жасасын.
      5. "МАКО" акционерлiк қоғамы Қазақстан Әлем Банкiмен дербес кредиттiк келiсiм жасасын.
      6. Кредит бойынша 2642 мың немiс маркасы мөлшерiндегi аванстық төлемдi болашақта өнiм берiп тұру есебiне Кюстеро Циттауер Машинен-фабрик ГмбХ фирмасы жасағаны ескерiлсiн. Кредиттi және оның проценттерiн, сондай-ақ кредитке қатысты барлық төлемдi "МАКО" акционерлiк қоғамы дербес өтейдi.
      7. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясы жобаның жүзеге асырылуы барысын және кредиттi өтеуге бақылау жасасын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

О реализации инвестиционного проекта "Техническое перевооружение и поузловая модернизация прядильного производства под выпуск кардной хлопчатобумажной пряжи на Усть-Каменогорском комбинате шелковых тканей акционерного общества "МАКО"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 сентября 1994 г. N 1033

      В соответствии с постановлением Президента Республики Казахстан от 20 марта 1994 г. N 1607 "Об организации работ по привлечению, использованию и учету иностранных кредитов, предоставляемых Республике Казахстан или под гарантии Республики Казахстан" и решения Комиссии по иностранным кредитам от 19 сентября 1994 г., N 3-13 Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить контракт, заключенный между акционерным обществом "МАКО" и германской фирмой "Текстима", на реконструкцию прядильной линии для кардной пряжи на общую сумму 17.5 млн. немецких марок.
      2. Финансирование проекта провести в рамках кредитной линии, предоставляемой Германией Республике Казахстан.
      3. Акционерному обществу "МАКО", как заемщику, выдать все необходимые гарантии Министерству финансов Республики Казахстан; Министерству финансов Республики Казахстан выдать гарантию Республики Казахстан под названный проект.
      4. АЛЕМ Банку Республики Казахстан заключить индивидуальное кредитное соглашение с немецким банком.
      5. Акционерному обществу "МАКО" заключить индивидуальное кредитное соглашение с АЛЕМ Банком Республики Казахстан.
      6. Учесть, что авансовый платеж по кредиту в размере 2642 тыс. немецких марок оплачен фирмой Кюстерс Циттауер Машинен-фабрик ГмбХ в счет будущих поставок продукции. Погашение кредита и процентов по нему, а также все сопутствующие кредиту платежи акционерное общество "МАКО" производит самостоятельно.
      7. Национальной акционерной компании "КРАМДС" осуществить контроль за ходом реализации проекта и погашением кредита.
Премьер-министр Республики Казахстан