"МАКО" акционерлiк қоғамының Өскемен жiбек маталар комбинатында кард мақта-мата жiбiн шығару үшiн жiп иiру өндiрiсiн техникалық жағынан қайта жарақтандыру және торап бойынша жаңарту" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 19 қыркүйек 1994 ж. N 1033
1. "МАКО" акционерлiк қоғамы мен Германияның "Текстима" фирмасы арасында кардтық жiп иiру үшiн желiсiн қайта құруға жалпы сомасы 17,5 млн. немiс маркасына жасасылған контракт мақұлдансын.
2. Жобасын қаржыландыру Германияның Қазақстан Республикасына беретiн кредит желiсi шеңберiнде жүргiзiлсiн.
3. "МАКО" акционерлiк қоғамы заем алушы ретiнде барлық қажеттi кепiлдiктердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жоба үшiн Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
4. Қазақстан Әлем Банкiсi немiс банкiсiмен дербес кредиттiк келiсiм жасасын.
5. "МАКО" акционерлiк қоғамы Қазақстан Әлем Банкiмен дербес кредиттiк келiсiм жасасын.
6. Кредит бойынша 2642 мың немiс маркасы мөлшерiндегi аванстық төлемдi болашақта өнiм берiп тұру есебiне Кюстеро Циттауер Машинен-фабрик ГмбХ фирмасы жасағаны ескерiлсiн. Кредиттi және оның проценттерiн, сондай-ақ кредитке қатысты барлық төлемдi "МАКО" акционерлiк қоғамы дербес өтейдi.
7. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясы жобаның жүзеге асырылуы барысын және кредиттi өтеуге бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз