Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 22 желтоқсан N 1445. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1809 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, оның iшiнде - министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 17 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi штаттық саны 41 адамға көбейтiлсiн.
      3. Департаменттердiң директорлары құқықтық жағынан және

лауазымдық жалақыларының деңгейi бойынша министрдiң орынбасарына
теңестiрiледi деп белгiленсiн.
     (4)
<*>

     Ескерту. 4-шi тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995.11.02. 
              N 1442 қаулысымен.
     5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
Әдiлет министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және 
ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде бұрын қабылдаған
үкiмет шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының жобасын ұсынатын болсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы     
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 22 желтоқсандағы
                                         N 1445 қаулысына
                                                 қосымша
              Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
                   министрлiгi орталық аппаратының
                             ҚҰРЫЛЫМЫ
     Iшкi сауда департаментi
     Қара металлургия департаментi
     Түстi металлургия департаментi
     Химия өндiрiсi департаментi
     Машина жасау департаментi
     Қорғаныс өнеркәсiбi департаментi 
     Өнеркәсiп және сауда саясаты жөнiндегi бас басқарма
     Халықаралық сауда бас басқармасы
     Шет елдермен сауда-экономикалық байланыс жөнiндегi
     бас басқарма
     Экономика, кәсiпорындарды санкциялау және нарық қатынастары
     бас басқармасы
     Бухгалтерлiк есеп, қаржыландыру, кадр саясаты және арнаулы
     жұмыстар басқармасы /жетекшi/
     Сыртқы экономикалық қызметтердi реттеу басқармасы /жетекшi/
     
<*>

     Халық тұтыну тауарлары басқармасы
     Мемлекеттiк сауда инспекциясы
     Жалпы бөлiм
     Еңбектi қорғау, экология және энергияны сақтау басқармасы 
<*>

     Шарт-құқық жетекшi бөлiмi (жетекшi) 
<*>

     Жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс бөлiмi 
<*>

     Ескерту. Қосымшаға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлген -
              ҚРМК-нiң 1995.07.19. N 1000 қаулысымен.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады