Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.12. N 1304 қаулысымен.

      Халықаралық шарттар мен келiсiмдердi жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуды үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң
1995.07.17. N 986 қаулысымен.  
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң            1995.11.17. N 1562 қаулысымен.  
      Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1996.08.07. N 980 қаулысымен.  
      Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.01.27. N 114 қаулысымен.  
      Ескерту. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінiң 2002.05.29. N 594 қаулысымен.

      2. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi туралы Ереже бекiтiлсiн.

      3. Үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi деп белгiленсiн.

      4. Үкiметаралық комиссияның (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсу бойынша, оның дербес құрамын жасақтауға, өзгерiстер енгiзуге, сондай-ақ онда жұмыс iстеу үшiн республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiн тартуға құқық берiледi.

      5. Үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағаларына атқарылған жұмыс туралы жылына кем дегенде бiр рет Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап тұру тапсырылады.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қосымшаға сәйкес қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1995 жылғы 18 қаңтардағы   
N 62 қаулысымен       
бекiтiлген        

Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
комиссияның (комитетiнiң,кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi
туралы
ЕРЕЖЕ

      Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi - комиссияның қазақстандық бөлiгi) Қазақстан Республикасы жасаған мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес құрылады.

             1. Негiзгi мiндетi мен жұмыс бағыты

      Комиссияның қазақстандық бөлiгi екi ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      Осы мақсатпен өз құзыретi шегiнде:
      екi ел арасындағы екiжақты келiсiмдер мен уағдаластықтарды талдайды, бақылауды қамтамасыз етедi және олардың орындалуына жәрдемдеседi;
      республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрге әр түрлi бағыттар бойынша екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамытуға бағытталған келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      екi елдiң әлеуметтi мүмкiндiгiне қарай өзара пайдалы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының үкiметiне, тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына ұсыныстар енгiзедi;
      екi елдiң кәсiпорындары мен ұйымдары арасында тiкелей байланыстар орнату мен дамытуға жәрдемдеседi;
      аса маңызды бiрлескен жобалар бойынша тараптардың ұсыныстарын талқылайды, олардың iске асырылуына ықпал етедi;
      Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал етедi, мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып олар тиiмдi пайдалану жөнiнде үкiметке ұсыныстар енгiзедi;
      екi жақты ынтымақтастықтың барысында туындаған проблемаларды шешудi қамтамасыз етедi, үкiметтiң шешуiн талап ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзедi.
      Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы жылына кемiнде бiр рет атқарылған жұмыс туралы Министрлер Кабинетiне хабарлама жасайды.
      Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын үйлестiру мен оған бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс басқармасының Сыртқы байланыстыр және ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмдерi жүзеге асырады.

             2. Құрылу және жұмыс тәртiбi

      Комиссияның қазақстандық бөлiгiн құру және оның төрағасын бекiту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайды.
      Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсуi бойынша, комиссияның қазақстандық бөлiгi төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын тағайындауға, оның дербес құрамын жақсартуға, өзгерiстер енгiзуге, сондай-ақ онда жұмыс iстеу үшiн республика министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiн тартуға құқық берiледi.
      Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамына, әдетте, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, бiрлескен комиссия құрылған елдегi Қазақстан Республикасы шетелдiк мекемелерiнiң (елшiлiктердiң, сауда өкiлдерiнiң) өкiлдерi, сондай-ақ республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерi кiредi.
      Қажет болған жағдайда, тараптардың келiсуi бойынша, олардың мiндетi мен қызмет ету мерзiмi белгiленiп, үкiметаралық комиссияның нақтылы проблемалары жөнiндегi жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.
      Жұмыс топтары үкiметаралық комиссиясының немесе оның тең төрағаларының шешiмдерiне сәйкес жұмыс жүргiзедi, оларды өз қызметi жайында хабардар етiп отырады және оның мәжiлiсiнде қарау үшiн қажеттi материалдарды дайындайды.
      Үкiметаралық комиссияның мәжiлiсiнде оның өз құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi де ол екi бөлiктiң төрағалары оған қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.
      Үкiметтерiнiң немесе олардың құзыреттi органдарының тiптi бiр жағының келiсiмi қажет болатын мәселелер жөнiндегi үкiметаралық комиссияның шешiмдерi белгiленген тәртiппен келiсiлгенен кейiн күшiне енедi, бұл туралы тараптар бiрiне бiрi хабардар етедi.
      Мәжiлiстер аралығындағы кезеңде, қажет болған жағдайда, үкiметаралық комиссияның екi бөлiгiнiң төрағалары, өзара келiсу бойынша, жекеленген мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдай алады. Мұндай жағдайда осы шешiмдер үкiметаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiнiң хаттамасына енгiзiледi.
      Үкiметаралық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы орыс тiлiнде және комиссия бiрлесе құрылған елдiк тiлiнде жазылады.
      Үкiметаралық комиссияның мәжiлiсi хаттамаларының көшiрмелерi әрбiр мәжiлiстен кейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрiледi.

             3. Мәжiлiстер өткiзу тәртiбi

      Үкiметаралық комиссияның мәжiлiстерi қажеттiгiне қарай, бiрақ жылына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
      Тараптар күнi бұрын,бiрақ мәжiлiске дейiн бiр айдан кешiктiрмей, оны өткiзетiн уақыты, күн тәртiбi туралы уағдаласады және талқыланбақ мәселелер жөнiнде қажеттi ақпаратпен алмасады.
      Мәжiлiс хаттамаларын ресiмдеу үкiметаралық комиссияның
жауапты хатшысына жүктеледi.

            4. Қызметiн қаржыландыру

      Үкiметаралық комиссияның қызметiн қаржыландыру шарттары
мен тәртiбi әрбiр елдiң үкiметтерiмен келiсу жөнiндегi оның
бiрлескен мәжiлiсiнде бекiтiледi.

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1995 жылғы 18 қаңтардағы   
N 62 қаулысына       
Қосымша         

         Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
                      күшiн жойған қаулыларының
                            ТIЗБЕСI

       1. "Сауда экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiп және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақ-үндi бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 қарашадағы N 993 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 47, 688-689-баптар).
      2. "Сауда экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақ-қытай комиссиясын құру мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 10 желтоқсандағы N 1041 қаулысы.
      3. "Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-үндi үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 304 қаулысы.
      4. "Үкiметаралық қазақ-американ сауда-экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 маусымдағы N 535 қаулысын.
      5. "Сауда экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақ-венгр комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 шiлдедегi N 573 қаулысы.
      6. "Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 тамыздағы N 714 қаулысы.
      7. "Үкiметаралық Қазақстан-түрiк бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi N 949 қаулысы.
      8. "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-таиланд үкiметаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қазандағы N 990 қаулысы.
      9. "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық Қазақстан-австралия бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 6 қазандағы N 994 қаулысы.
      10. "Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан жағын қалыптастыру және олардың құрамына өзгертулер енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 наурыздағы N 307 қаулысы.
      11. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 тамыздағы N 714 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 327 қаулысы.
      12. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 шiлдедегi N 573 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 мамырдағы N 554 қаулысы.

О межправительственных комиссиях (комитетах, советах) по сотрудничеству с зарубежными странами

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 18 января 1995 г. N 62. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 12 декабря 2002 г. N 1304 ~P021304

      В целях реализации международных договоров и соглашений, координации развития торгово-экономического, научно-технического и культурного сотрудничества Республики Казахстан с зарубежными странами Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. (Пункт 1 утратил силу - постановлением Правительства РК от 29 мая 2002 г. N 594 P020594_ )
      2. Утвердить Положение о казахстанской части межправительственной комиссии (комитета, совета) по сотрудничеству с зарубежными странами (прилагается).
      3. Установить, что председатель казахстанской части межправительственной комиссии (комитета, совета) утверждается Кабинетом Министров Республики Казахстан.
      4. Предоставить право председателю казахстанской части межправительственной комиссии (комитета, совета), по согласованию с Кабинетом Министров Республики Казахстан, формировать ее персональный состав, вносить изменения, а также привлекать для работы в ней представителей заинтересованных министерств и ведомств республики.
      5. Поручить председателям казахстанской части межправительственной комиссии (комитета, совета) информировать Кабинет Министров Республики Казахстан о проделанной работе не реже одного раза в год.
      6. Признать утратившими силу постановления Кабинета Министров Республики Казахстан согласно приложению.

   Премьер-министр
 Республики Казахстан

                                            Утверждено
                                      постановлением Кабинета
                                  Министров Республики Казахстан
                                     от 18 января 1995 г. N 62

Положение
о казахстанской части межправительственной комиссии
(комитета, совета) по сотрудничеству с зарубежными странами

      Казахстанская часть межправительственной комиссии (комитета, совета) по сотрудничеству с зарубежными странами (далее - казахстанская часть комиссии) образовывается в соответствии с межгосударственными и межправительственными соглашениями, заключенными Республикой Казахстан.

1. Основные задачи и направления работы

      Казахстанская часть комиссии обеспечивает координацию деятельности государственных органов управления Республики Казахстан по развитию торгово-экономического, научно-технического и культурного сотрудничества между двумя странами.
      С этой целью в пределах своей компетенции:
      анализирует, обеспечивает контроль и содействует выполнению двусторонних соглашений и договоренностей между двумя странами;
      совместно с заинтересованными министерствами и ведомствами республики участвует в подготовке проектов соглашений, направленных на дальнейшее развитие двустороннего сотрудничества по различным направлениям;
      исходя из потенциальных возможностей обеих стран, вносит в Правительство, соответствующие министерства и ведомства Республики Казахстан предложения по приоритетным направлениям взаимовыгодного сотрудничества;
      содействует установлению и развитию прямых контактов между предприятиями и организациями двух стран;
      обсуждает предложения сторон по наиболее важным совместным проектам, способствует их практической реализации;
      способствует привлечению иностранных инвестиций в экономику Республики Казахстан, совместно с заинтересованными организациями вносит предложения в Правительство по их эффективному использованию;
      обеспечивает разрешение проблем, возникающих в ходе двустороннего сотрудничества, по вопросам, требующим решения Правительства, вносит предложения в Кабинет Министров Республики Казахстан.
      Председатель казахстанской части комиссии не реже одного раза в год информирует Кабинет Министров о проделанной работе.
      Координация и контроль за работой казахстанской части комиссий осуществляется отделами внешних связей и по делам СНГ Управления Делами Кабинета Министров Республики Казахстан.

2. Порядок формирования и работы

      Решение об образовании казахстанской части комиссии и утверждении ее председателя принимается Кабинетом Министров Республики Казахстан.
      Председателю казахстанской части комиссии предоставляется право, по согласованию с Кабинетом Министров Республики Казахстан, назначать заместителя председателя и ответственного секретаря казахстанской части комиссии, формировать ее персональный состав, вносить изменения, а также привлекать для работы в ней представителей министерств и ведомств республики.
      В состав казахстанской части комиссии, как правило, входят представители Кабинета Министров Республики Казахстан, Министерства экономики, Министерства промышленности и торговли, Министерства иностранных дел, заграничных учреждений (посольств, торгпредств) Республики Казахстан в той стране, с которой образована совместная комиссия, а также представители других заинтересованных министерств и ведомств республики.
      При необходимости, по согласованию сторон, могут создаваться рабочие группы межправительственной комиссии по конкретным проблемам, с определением их задач и сроков деятельности.
      Рабочие группы проводят работу в соответствии с решениями межправительственной комиссии или ее сопредседателей, информируют их о своей деятельности и готовят необходимые материалы для рассмотрения на ее заседании.
      Решения, принимаемые на заседании межправительственной комиссии в пределах ее компетенции, оформляются протоколом, который вступает в силу с момента его подписания председателями обеих частей.
      Решения межправительственной комиссии по вопросам, которые требуют согласования с правительствами хотя бы одной из сторон или их компетентными органами, вступают в силу после согласования в установленном порядке, о чем стороны информируют друг друга.
      В период между заседаниями, в случае необходимости, председатели обеих частей межправительственной комиссии, по взаимному согласию, могут принимать решения по отдельным вопросам. В этом случае данные решения вносятся в протокол на очередном заседании межправительственной комиссии.
      Протоколы заседания межправительственной комиссии составляются на русском языке и на языке той страны, совместно с которой она образована.
      Копии протоколов заседания межправительственной комиссии представляются в Кабинет Министров Республики Казахстан после каждого заседания.

3. Порядок проведения заседаний

      Заседания межправительственной комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в год.
      Стороны заблаговременно, но не позднее чем за месяц до заседания, договариваются о дате его проведения, повестке дня и обмениваются необходимой информацией по вопросам, которые предполагается обсудить.
      Оформление протоколов заседаний возлагается на ответственного секретаря межправительственной комиссии.

4. Финансирование деятельности

      Условия и порядок финансирования деятельности межправительственной комиссии утверждаются на ее совместном заседании по согласованию с правительствами каждой страны.

                                           Приложение
                                     к постановлению Кабинета
                                 Министров Республики Казахстан
                                     от 18 января 1995 г. N 62

Перечень
утративших силу решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 ноября 1992 г. N 993 "О создании межправительственной казахско- индийской совместной комиссии по торгово-экономическому, научно- техническому, промышленному и культурному сотрудничеству" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 47, ст.688-689).
      2. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 декабря 1992 г. N 1041 "Вопросы создания межправительственной казахско-китайской комиссии по торгово-экономическому и научно- техническому сотрудничеству".
      3. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 апреля 1993 г. N 304 "О создании межправительственной казахско- индийской совместной комиссии по культурному сотрудничеству".
      4. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июня 1993 г. N 535 "О создании межправительственной казахско- американской торгово-экономической комиссии".
      5. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля 1993 г. N 573 "О создании межправительственной казахско- венгерской комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству".
      6. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 августа 1993 г. N 714 "О создании казахстанско-японского Комитета по экономическому сотрудничеству".
      7. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 сентября 1993 г. N 949 "О создании межправительственной казахстанско-турецкой совместной экономической комиссии".
      8. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 октября 1993 г. N 990 "О создании межправительственной казахстанско-таиландской комиссии по торгово-экономическому, научно-техническому и культурному сотрудничеству".
      9. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1993 г. N 994 "О создании межправительственной казахстанско-австралийской совместной комиссии по торгово-экономическому, научно-техническому и культурному сотрудничеству".
      10. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 марта 1994 г. N 307 "О порядке формирования и внесения изменений в составы казахстанской части межправительственных комиссий".
      11. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 апреля 1994 г. N 327 "О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 августа 1993 г. N 714".
      12. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 мая 1994 г. N 554 "О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля 1993 г. N 573".