Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестер) Қазақстан жағының:
      Кәрiбжанов Ж.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 P950062_ қаулысымен бекiтiлген А.С.Есiмовты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-испан комиссиясының;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-түрiк комиссиясының;
      Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер министрiнiң орынбасары - Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-герман кеңесiнiң; <*>
      Ақымбеков С.Ш. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-австралия комиссиясының;
      Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген В.Л.Меттенi босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-индия комиссиясының;
      Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-монғол комиссиясының; <*>
      Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-венгер комиссиясының;
      Мамашев Т.А. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 849 P930849_ қаулысымен бекiтiлген Б.С.Әйтiмованы босата отырып, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-египет комиссиясының;
      Қажыбаев А.Қ. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары - Сауда-экономикалық байланыстар және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-румыния комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн; <*>
      Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген В.В.Соболевтi босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-британ комиссиясының. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.
               11.01. N 1332 қаулысымен. P961332_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.27.
               N 114 қаулысымен. P970114_
      2. Үкiметаралық комиссиялардың қазақстан жағы құрылсын және:
      Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрi - сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-ливия комиссиясының;
      Құлыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi - сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-сауд аравиясы комиссиясының;
      Мамашев Т.А. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-солтүстiк корея комиссиясының;
      Храпунов В.В. - Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-итальян комиссиясының;
      Жұмабаев А.Ж. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-болгар комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн;
      Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi - экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-әзiрбайжан комиссиясының; <*>
      Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi - экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-грузин комиссиясының; <*>
      Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi -

экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-палестина 
комиссиясының.
<*>

     Ескерту. 2-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
              1996.11.01. N 1332 қаулысымен.  

P961332_

 
     3. "Ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастық
жөнiндегi Қазақстан Республикасы мен Румыния өкiлдерi құрамына аралас
комиссияның тең төрағасын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 9 қарашадағы N 1502 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады