Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 114. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестердiң) Қазақстан жағының: 
      Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен  P960980_  бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-герман кеңесiнiң; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 303 қаулысымен  P960303_  бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-француз жұмыс тобының; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 137 қаулысымен бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-қытай комиссиясының; 
      Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен  P960980_  бекiтiлген П.И.Крепакты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-монғол комиссиясының; 
      Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң төрағасы; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен бекiтiлген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-румын комиссиясының; 
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен бекiтiлген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-болгар комиссиясының; 
      Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы N 14 қаулысымен бекiтiлген Е.Ә.Өтембаевты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-оңтүстiк корея комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн. 
      2. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлiгi құрылсын және: 
      Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-швейцар бiрлескен комитетiнiң; 
      Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң төрағасы - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-словак аралас комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн. 
      3. "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы N 14 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады