Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi<*>

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 мамыр N 716. Қаулының мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.12.07. N 1677 қаулысымен. ~P951677 Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 2137  U952137_  Жарлығын орындау үшiн, меншiк қатынастарын өзгерту процестерiн жетiлдiру және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитет) Қазақстан Республикасының меншiгi жөнiнде мемлекет мүдделерiн бiлдiруге және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитет пен оның аумақтық органдары мемлекеттiк меншiктi басқарады және Қазақстан Республикасының меншiгi жөнiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Үкiметi тiкелей басшылық жасайды. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттiң құзырына жатқызылған мәселелер жөнiндегi шешiмдерi барлық деңгейдегi басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi. 
      2. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитет туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      3. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi қазiргi аумақтық комитеттер негiзiнде бөлу барысына сәйкес мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер құрылсын. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттiң бiрыңғай жүйесiне кiредi деп белгiленсiн. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi облыстардың, сондай-ақ Алматы және Ленинск қалаларының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттерi қызметкерлерiнiң жалпы штаттық саны 500 адам болып белгiленсiн (үй-жайды күзететiн және қызмет көрсететiн адамдарсыз). 
      4.<*> 
      5.<*> 
      6.<*> 
      7.<*> 
      Ескерту. 4,5,6,7-тармақтарының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 
               1995.12.19. N 1804 қаулысымен.  P951804_  
      8. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттiң орталық аппараты мен оның аумақтық комитеттерiн ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитет пен оның аумақтық комитеттерiне бөлiнетiн бюджет қаражаты көлемi олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды ескере отырып белгiленсiн. 
      10. Мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан (мүлiктiк жалдан, басқару контрактiлерiнен және т.б.) қаражаттың және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердiң келiп түсуiн бақылауды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Реcпубликасының Ұлттық Банкiне Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетке аталған қаражаттың келiп түсуi үшiн арнаулы шот ашу ұсынылсын. 
      Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетпен бiрге аталған қаражатты аудару мен пайдалану тәртiбi туралы ереже әзiрленсiн. 
      11. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитет қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мүлiктiк және өзге құқықтарының бөлу баласына сәйкес құқылық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      12. Ақпараттық есептеу орталығы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттiң қарамағында деп белгiленсiн. 
      13.<*> 
      Ескерту. 13-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.01. 
               N 68 қаулысымен.  P960068_  
      14. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк штаттағы 40 адамымен, оның iшiнде бiр орынбасары, екi қызметтiк жеңiл автомобиль лимитiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қарауына берiледi деп белгiленсiн.<*> 
     Ескерту. Жаңа 14-тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.12.07.
              N 1677 қаулысымен. 14 тармақ 15 болып саналсын.
                P951677_  
     15. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 маусымдағы N 513 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 294-бап) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

                                    Қазақстан Республикасы                                               Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 19 мамырдағы
                                       N 716 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
            басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы
                              Ереже<*>

     Ескерту. Ереженiң мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.12.07. N 1677 қаулысымен.           

                      I. Негiзгi ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының меншiгi жөнiнде мемлекет мүдделерiн бiлдiруге және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

            II. Комитеттiң негiзгi функциялары мен мiндеттерi 

      3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 
      меншiктi басқару мен меншiк қатынастарын қайта құру мәселелерi бойынша тиiстi артықшылықтарды, процедураларды және механизмдердi қамтитын мемлекеттiк саясат әзiрлеу мен оны жүзеге асыру iсiне қатысу; 
      мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылуын бақылау, осы салада заңдылықты сақтау; 
      мемлекеттiк пайларды, акционерлiк қоғамдар мен компаниялар акцияларының пакеттерiн басқаруды қамтамасыз ету, олардың басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiру; 
      мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару iсiнде министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiру; 
      өз құзырындағы мәселелерде республиканың мүддесiн халықаралық деңгейде бiлдiру; 
      шет елдердегi меншiк мәселелерiнде мемлекет мүддесiн сақтау, мемлекет қатысатын бiрлескен кәсiпорындардың қызметiн бақылау болып табылады. 
      4. Негiзгi мiндеттерге орай Комитет: 
      мемлекеттiң меншiгiндегi шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың, компаниялардың, акционерлiк банктер мен кәсiпорындардың пайлары мен акцияларының пакеттерiн басқаруды қамтамасыз етедi; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мүлкiнiң меншiк иесiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың мүлкiндегi мемлекеттiк үлестiң құқылығын жүзеге асырады; 
      жарғылық қорларында мемлекеттiк меншiк үлесi бар қоғамдар мен компаниялардың басқару органдарында мемлекет мүддесiнiң бiлдiруiн қамтамасыз етедi; 
      мемлекеттiк мүлiкпен кепiлдiк операцияларын жүзеге асырады; 
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және өзге мүдделi ведомстволармен бiрге мемлекеттегi жекешелендiру шаралары мен жекешелендiруден кейiнгi шаралар стратегиясын әзiрлеуге қатысады; 
      жекешелендiру бағдарламаларының жүзеге асырылуын қадағалайды; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк объектiлерiн қайта құру, жекешелендiру туралы, сонымен бiрге жеке жобалар бойынша шешiмдер қабылдайды, сатуға арналған мүлiкке (пайларға, акцияларға) мемлекеттiк меншiк құқығын куәландыратын құжаттар бередi, сондай-ақ қабылданған шешiмдердiң орындалуын қадағалайды; 
      мемлекеттiк мүлiктi басқаруға, сонымен бiрге акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн контрактiлер жасайды; 
      шаруашылық серiктестiктерiн, акционерлiк қоғамдар, компаниялар, бiрлескен кәсiпорындар құру туралы шешiмдер қабылдайды және мемлекет атынан олардың құрылтайшысы болады; 
      мемлекет атынан ұлтаралық компаниялардың құрылтайшысы болады; 
      мемлекеттiк мүлiктi (кәсiпорындарды, ұйымдарды, пайларды, акцияларды) басқарудың толық немесе шектеулi құқығын беру туралы шешiмдер қабылдайды және ондай құқықтардың берiлуiне шарттар жасайды, сондай-ақ олардың орындалуын қадағалайды; 
      мүлiктi толық немесе шектеулi басқаруға берiлген құқықтардың пайдаланылуы туралы министрлiктердiң, ведомстволардың және басқа да мемлекеттiк басқару органдарының хабарын тыңдап, тиiстi шешiмдер қабылдайды; 
      мемлекеттiк меншiктi басқару мен қайта құру туралы заңдық және нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлейдi, өз құзыры шеңберiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн жекешелендiру мен басқару процестерiн реттейтiн нормативтiк және басқа актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалайды; 
      жарғылық қорларында мемлекеттiк меншiк үлесi бар қоғамдар мен компанияларды белгiленген тәртiппен "алтын акция" енгiзу туралы шешiм қабылдайды; 
      жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi бар акционерлiк, соның iшiнде холдинг компаниялардың басшыларын тағайындау мен байқаушы кеңестерiнiң құрамы жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi және мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларын тағайындауды келiседi; 
      акционерлiк қоғамдар, компаниялар және серiктестiктер акцияларының мемлекеттiк пайларына, мемлекеттiк пакеттерiн дивидендтер есептелуiн белгiленген тәртiппен бақылайды; 
      мемлекеттiк меншiктi қайта құру тәсiлдерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi; 
      мемлекеттiк меншiктi қайта құру актiлерiн бередi; 
      шет елдердегi меншiк мәселелерiнде мемлекет мүддесiнiң сақталуын және мемлекет қатысатын бiрлескен кәсiпорындар қызметiн қадағалайды; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру туралы шешiмдер қабылдайды; 
      мемлекеттiң қарамағындағы мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқымен беру туралы мәселенi шешедi; 
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп заңды және жеке тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған мүлiктi, оның iшiнде салынып бiтпеген объектiнi жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған кезде жер учаскесiн пайдалану не жалға беру құқын сату мәселесiн шешедi. 
      Уәкiлдi органдармен бiрлесiп, мүлкiнде мемлекеттiң үлесi бар мемлекеттiк кәсiпорындарды, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды заңда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша тарату мәселелерiн шешедi. 
     Мемлекеттiң қарамағындағы акциялар пакеттерiн ұстаушы болып табылады;
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен мемлекеттiк  меншiк объектiлерiнiң сенiм бiлдiрген басқарушысы болып табылады.
     Лизингтi пайдалану саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат  жүргiзудi қамтамасыз етедi;
     Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiкке тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады.<*>
     Ескерту. 4-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң 
              1995.12.07. N 1677 қаулысымен.

               III. Комитеттiң өкiлеттiктерi

      5. Комитет өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн:
      өз құзыры шегiнде министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi басқару органдары, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi нормативтiк құжаттар мен басқа да шешiмдер қабылдауға; 
      мемлекеттiк меншiктi басқару мәселелерi бойынша министрлiктер мен ведомстволардың жұмысына әдiстемелiк басшылық жасап, оны үйлестiруге, меншiктiң сақталуы мен пайдаланылуына бақылау жасауға; 
      меншiк қатынастарын қайта құру, оларды басқару процестерiне талдау жасау және тиiстi шаралар мен ұсыныстар әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi әкiмдерден, жарғылық капиталында мемлекеттiк қатысу үлесi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден мемлекеттiк мүлiктi, акцияларды пайдалану мәселелерi бойынша қажеттi құжаттары мен басқа да құжаттарды өтеусiз негiзде сұрауға және алуға; 
      Министрлер Кабинетiнiң Комитет құзырына жататын мәселелер бойынша шешiмдерiнiң орындалуын қадағалау мен тексеруге; 
      қазақстандық және шетелдiк заңды және жеке тұлғаларды консалтингтiк фирмалар ретiнде жұмысқа тартуға; 
      Комитет қызметiнiң саласына жататын проблемалар бойынша ғылыми зерттеулердi жүзеге асыруға және үйлестiруге құқылы. 
      6. Комитеттiң мемлекеттiк меншiктi басқару жөнiнде өз құзыры шеңберiнде қабылданған шешiмдерi барлық деңгейлердегi мемлекеттiк басқару органдары үшiн мiндеттi болып табылады. 

              IV. Комитет қызметiн ұйымдастырудың 
                      негiзгi мәселелерi 

      7. Комитеттi төраға басқарады, оның үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. 
      Комитет төрағасының орынбасарларын төрағаның ұсынуы бойынша Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      8. Комитет төрағасының орынбасарлары арасында мiндеттердi төраға бөледi. 
      Комитет төрағасы комитетке жүктелген функциялардың орындауы үшiн тiкелей жауап бередi, төраға өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының жекелеген қызмет бағыттары үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi. 
      9. Комитетте 11 адам құрамында алқа құрылып, оған төраға, лауазымы бойынша оның орынбасарлары, Комитеттiң басшы қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлi кiредi. 
      10. Комитет алқасының құрамын Министрлер Кабинетi бекiтедi. Комитеттiң негiзгi құрылымдық бөлiмшесi - басқарма болып табылады.
     Орталық аппараттың құрылымы мен штат кестесi заңда белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      11. Комитет пен оның аумақтық органдары төменгi аумақтық бөлiмшелер жоғарғы бөлiмшелерге бағынатын бiртұтас жүйе құрайды. 
      12. Аумақтық комитеттердiң басшыларын Комитет төрағасы жергiлiктi әкiмдермен келiсе отырып тағайындайды.
      13. Комитет Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленiп, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi бар заңды тұлға болып табылады.
      14. Комитет пен оның аумақтық органдарын республикалық бюджет есебiнен ұстау көзделген.

                               Қазақстан Республикасы      
                               Министрлер Кабинетiнiң                                               1995 жылғы 19 мамырдағы 
                                  N 716 қаулысымен
                                        Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
          басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық
                         аппаратының
                           Құрылымы

     Акционерлiк қоғамдармен және компаниялармен жұмыс жөнiндегi
     жетекшi басқарма
     Базалық салалар жетекшi басқармасы
     Ауыл шаруашылығы мен ұқсатушы салалар жетекшi басқармасы
     Әлеуметтiк сала мен жылжымайтын объектiлер жетекшi басқармасы
     Қаржы және мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн дивидендтер
     мен төлем түсуiн бақылау жетекшi басқармасы
     Заң және нормативтiк қамтамасыз ету жетекшi басқармасы
     Тiзiлiм, талдау және болжамдау жетекшi басқармасы
     Iс басқармасы
     <*>
     Ескерту. Құрылымында сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
              1995.07.11. N 948 қаулысымен.

Вопpосы Госудаpственного комитета Республики Казахстан по упpавлению госудаpственным имуществом<*> Сноска. В тексте постановления и Положения слова "Кабинет Министpов Республики Казахстан" заменить словами "Пpавительство Республики Казахстан" - постановление Пpавительства РК от 7 декабpя 1995 г. N 1677.

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 19 мая 1995 г. N 716. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 20 мая 1997 г. N 851 ~P970851.

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 18 марта 1995 г. N 2137 U952137_ "О реорганизации Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу", в целях совершенствования процессов преобразования отношений собственности и обеспечения эффективного управления государственной собственностью Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что Государственный комитет Республики Казахстан по управлению государственным имуществом (далее - Комитет по управлению государственным имуществом) является центральным органом государственного управления, уполномоченным представлять интересы государства в отношении собственности Республики Казахстан и осуществлять полномочия по владению, пользованию и распоряжению государственной собственностью Республики Казахстан.
      Комитет по управлению государственным имуществом и его территориальные органы осуществляют управление государственной собственностью и представляют интересы государства в отношении собственности Республики Казахстан.
      Непосредственное руководство Комитетом по управлению государственным имуществом осуществляет Кабинет Министров Республики Казахстан.
      Решения Комитета по управлению государственным имуществом по вопросам, отнесенным к его компетенции, обязательны для исполнения органами управления всех уровней, а также хозяйствующими субъектами.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комитете по управлению государственным имуществом.
      3. Образовать территориальные комитеты по управлению государственным имуществом на базе существующих территориальных комитетов по государственному имуществу в соответствии с разделительным балансом.
      Установить, что территориальные комитеты по управлению государственным имуществом входят в единую систему Комитета по управлению государственным имуществом.
      Установить общую штатную численность работников территориальных комитетов по управлению государственным имуществом областей, а также городов Алматы и Ленинска в количестве 500 единиц (без персонала по охране и обслуживанию зданий).
      4. Пункты 4,5,6,7 утратили силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 1995 г. N 1804.
      8. Финансирование расходов на содержание центрального аппарата Комитета по управлению государственным имуществом и его территориальных комитетов осуществляется за счет ассигнований на содержание органов государственного управления, предусмотренных республиканским бюджетом.
      9. Министерству финансов Республики Казахстан определить размеры бюджетных ассигнований Комитету по управлению государственным имуществом и его территориальным комитетам с учетом развития и укрепления их материально-технической базы.
      10. В целях упорядочения контроля за поступлением средств от пользования (имущественного найма, контрактов на управление и т.д.) государственным имуществом и дивидендов на государственные пакеты акций рекомендовать Национальному Банку Республики Казахстан открыть специальный счет Комитету по управлению государственным имуществом для поступления указанных средств.
      Министерству финансов Республики Казахстан совместно с Комитетом по управлению государственным имуществом разработать Положение о порядке перечисления и использования указанных средств.
      11. Определить Комитет по управлению государственным имуществом правопреемником имущественных и иных прав реорганизованного Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу в соответствии с разделительным балансом.
      12. Определить, что Информационный учетный центр остается в ведении Комитета по управлению государственным имуществом.
      13. (Пункт 13 утратил силу - постановлением Правительства РК от 18 января 1996 г. N 68)
      14. Определить, что Агентство по реорганизации предприятий при Министерстве экономики Республики Казахстан передается в ведение Государственного комитета Республики Казахстан по управлению государственным имуществом со штатной численностью 40 единиц, в том числе один заместитель, с лимитом служебных легковых автомобилей в количестве 2 единиц. <*>
      Сноска. Дополнено новым пунктом 14, пункт 14 считать пунктом 15 - постановлением Правительства РК от 7 декабря 1995 г. N 1677.
      15. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 18 июня 1993 г. N 513 "Об утверждении Положения о Государственном комитете Республики Казахстан по государственному имуществу" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 24, ст. 294).

         Премьер-министр
       Республики Казахстан
                                             Утверждено    

постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 мая 1995 г. N 716


                          П О Л О Ж Е Н И Е
                о Государственном комитете Республики
          Казахстан по управлению государственным имуществом

                        I. Основные положения
      1. Государственный комитет Республики Казахстан по управлению государственным имуществом (далее - Комитет) является центральным органом государственного управления, уполномоченным представлять интересы государства в отношении собственности Республики Казахстан и осуществлять правомочия по владению, пользованию и распоряжению государственной собственностью Республики Казахстан.
      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, указами, постановлениями и распоряжениями Президента Республики Казахстан, постановлениями Верховного Совета Республики Казахстан и Кабинета Министров Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
                  II. Основные функции и задачи Комитета
      3. Основными задачами Комитета являются:
      участие в разработке и осуществлении государственной политики по вопросам управления и преобразования отношений собственности, включающей соответствующие приоритеты, процедуры и механизмы;
      контроль за использованием государственной собственности, соблюдение законодательства в этой сфере;
      обеспечение управления государственными паями, пакетами акций акционерных обществ и компаний, представление интересов государства в их органах управления;
      координация деятельности министерств и ведомств по управлению государственными предприятиями;
      представление интересов республики на международном уровне в вопросах его компетенции;
      соблюдение государственных интересов в вопросах собственности за границей, контроль за деятельностью совместных предприятий с участием государства.
      4. Исходя из основных задач Комитет:
      обеспечивает управление паями и пакетами акций хозяйственных товариществ, акционерных обществ, компаний, акционерных банков и предприятий, принадлежащих государству;
      осуществляет правомочия собственника имущества государственных предприятий, а также государственной доли в имуществе негосударственных юридических лиц;
      обеспечивает представление интересов государства в органах управления обществ и компаний с государственной долей собственности в уставных фондах;
      осуществляет залоговые операции с государственным имуществом;
      участвует совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по приватизации и иными заинтересованными ведомствами в разработке стратегий приватизационных и постприватизационных мероприятий в государстве;
      контролирует реализацию планов приватизации;
      принимает решения о реорганизации, приватизации, в том числе по индивидуальным проектам и ликвидации объектов государственной собственности Республики Казахстан, передает документы, удостоверяющие права государственной собственности на имущество (паи, акции) предназначенное для продажи, а также осуществляет контроль за выполнением принятых решений;
      заключает контракты на управление государственным имуществом, в том числе на государственные пакеты акций;
      принимает решения о создании хозяйственных товариществ, акционерных обществ, компаний, совместных предприятий и выступает их учредителем от лица государства;
      от имени государства выступает учредителем транснациональных компаний;
      принимает решения и заключает договора на предоставление полного или ограниченного права управления государственным имуществом (предприятиями, организациями, паями, акциями), а также осуществляет контроль за их выполнением;
      заслушивает министерства, ведомства и иные органы государственного управления об использовании делегированных прав полного или ограниченного управления имуществом с принятием соответствующих решений;
      готовит проекты законодательных и нормативных актов об управлении и преобразовании государственной собственности, издает в пределах своей компетенции нормативные и иные акты, регулирующие процессы приватизации и управления государственной собственностью Республики Казахстан, а также осуществляет контроль за их соблюдением;
      принимает в установленном порядке решение о введении "золотой акции" в акционерных обществах и компаниях с государственной долей собственности в уставных фондах;
      вносит в установленном порядке в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения по назначению руководителей и составу наблюдательных советов акционерных, в том числе холдинговых, компаний, в уставном капитале которых имеется доля государства, и согласовывает назначение руководителей государственных предприятий, организаций и учреждений;
      контролирует в установленном порядке начисление дивидендов на государственные паи, государственные пакеты акций акционерных обществ, компаний и товариществ;
      определяет способы, формы и методы преобразования государственной собственности;
      выдает акты преобразования государственной собственности;
      осуществляет контроль за соблюдением государственных интересов в вопросах собственности за границей и деятельностью совместных предприятий с участием государства;
      принимает решения о передаче в имущественный найм объектов государственной собственности;
      решает вопросы о передаче имущества, принадлежащего государству, на правах хозяйственного ведения или оперативного управления;
      совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству решает вопросы о продаже юридическим и физическим лицам права пользования либо аренды земельного участка при принятии решения о приватизации имущества несельскохозяйственного назначения, в том числе недостроенных объектов;
      совместно с уполномоченными органами решает вопросы ликвидации государственных предприятий, а также негосударственных юридических лиц, в имуществе которых имеется доля государства по основаниям и в порядке, предусмотренном законодательством;
      является держателем пакетов акций, принадлежащих государству;
      по поручению Кабинета Министров Республики Казахстан

является доверенным управляющим объектами государственной
собственности;
     обеспечивает проведение единой государственной политики в
области использования лизинга;
<*>

     осуществляет непосредственное руководство Агентством по
реорганизации предприятий.
<*>

     Сноска. Пункт 4 дополнен новыми абзацами - постановлением
Правительства РК от 7 декабря 1995 г. N 1677.

                     III. Полномочия Комитета   
     5. Для выполнения возложенных на него функций Комитет имеет
право:


      в пределах своей компетенции принимать нормативные документы и другие решения, обязательные для министерств, ведомств, местных органов управления, государственных предприятий и организаций и других хозяйствующих субъектов;
      осуществлять методическое руководство и координировать работу министерств и ведомств по вопросам управления государственной собственностью, осуществлять контроль за ее сохранением и использованием;
      запрашивать и получать на безвозмездной основе у государственных органов, глав местных администраций, хозяйствующих субъектов с государственной долей участия в уставном капитале необходимые финансовые и иные документы по вопросам использования государственного имущества, акций для анализа процессов преобразования отношений собственности, управления ими и разработки соответствующих мер и предложений;
      осуществлять контроль и проверку исполнения решений Кабинета Министров по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;
      привлекать к работе в качестве консалтинговых фирм казахстанских и зарубежных юридических и физических лиц;
      осуществлять и координировать научные исследования по проблемам, относящимся к сфере деятельности Комитета.
      6. Решения Комитета по управлению в части распоряжения государственной собственностью, принятые в пределах его компетенции, являются обязательными для органов государственного управления всех уровней.
  IV. Основные вопросы организации
      деятельности Комитета



      7. Комитет возглавляет Председатель, который имеет трех заместителей, в том числе одного первого.
      Заместители Председателя назначаются и освобождаются от должности Кабинетом Министров по представлению Председателя Комитета.
      8. Распределение обязанностей между заместителями Председателя осуществляется Председателем Комитета.
      Председатель Комитета несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет функций, устанавливает степень ответственности заместителей Председателя и руководителей структурных подразделений Комитета за руководство отдельными направлениями деятельности.
      9. В Комитете создается коллегия в составе 11 человек, в которую входят Председатель, его заместители по должности, руководящие работники Комитета, представитель Государственного комитета Республики Казахстан по приватизации.
      10. Состав коллегии Комитета утверждается Кабинетом Министров.

Основным структурным подразделением Комитета является управление.
     Структура и штатное расписание центрального аппарата
утверждается в установленном законодательством порядке.
     11. Комитет и его территориальные органы составляют единую 
систему с вертикальной подчиненностью нижестоящих 
территориальных подразделений вышестоящим.
     12. Руководители территориальных комитетов назначаются 
Председателем Комитета по согласованию с главами местных 
администраций.
     13. Комитет является юридическим лицом имеет печать с 
изображением Государственного герба Республики Казахстан и своим
наименованием на казахском и русском языках.
     14. Содержание Комитета и его территориальных органов
предусматривается за счет республиканского бюджета.

           Утверждена
               постановлением Кабинета Министров
        Республики Казахстан
        от 19 мая 1995 г. N 716  

                          С Т Р У К Т У Р А 
                   центрального аппарата Государственного
                комитета Республики Казахстан по управлению
                       государственным имуществом 
<*>


      Сноска. Внесены изменения - постановлением КМ РК от 11 июля 1995 г. N 948.

Ведущее управление по работе с акционерными обществами и
компаниями
Ведущее управление базовых отраслей
Ведущее управление сельского хозяйства и перерабатывающих
отраслей
Ведущее управление объектов социальной сферы и недвижимости
Ведущее управление финансов и контроля за поступлением
дивидендов и платы за пользование государственным
имуществом
Ведущее управление юридического и нормативного
обеспечения
Управление реестра, анализа и прогнозирования
Управление делами