Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 716 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 7 желтоқсан N 1677. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 716 қаулысына P950716_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18. 204-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      қаулының мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" сөздерiмен алмастырылсын;
 
 
                  мына мазмұндағы 14-жаңа тармақпен толықтырылсын:
      "14. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк штаттағы 40 адамымен, оның iшiнде бiр орынбасары, 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қарауына берiледi деп белгiленсiн".
      14-тармақ 15-тармақ болып саналсын;
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженiң мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен алмастырылсын;

 

     4-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:

     "лизингтi пайдалану саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат

жүргiзудi қамтамасыз етедi;

     Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiкке

тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады".

     Ескерту. 1-тармағының 3-4 абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң

              1995.12.19. N 1804 қаулысымен. 


P951804_




     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады