"Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 тамыз N 1075

      "Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттiк акциялар пакетiн басқаруды тәртiпке келтiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 наурыздағы N 304 P950304_ қаулысына және банк жүйесiн реформалау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң 32,29 процент мөлшерiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығына өкiлеттiгiн тоқтатсын.
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн Орталық Азия қор биржасы арқылы белгiленген тәртiппен бастапқы бағасынан төмендетпей сатсын.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы және Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 117 қаулысы:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 117 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 243 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


О реализации государственного пакета акций Казахского акционерного банка "Туранбанк"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 августа 1995 г. N 1075

      В соответствии с Программой реформирования банковской системы и постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 марта 1995 г. N 304 P950304_ "О мерах по упорядочению управления государственным пакетом акций в банках второго уровня" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом:
      прекратить полномочия Министерства финансов Республики Казахстан на право владения, пользования и управления государственным пакетом акций Казахского акционерного банка "Туранбанк" в размере 32,29 процента;
      Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации реализовать государственный пакет акций Казахского акционерного банка "Туранбанк" в установленном порядке через Центрально-Азиатскую фондовую биржу, по цене не ниже номинальной.
      2. Признать утратившими силу:
      постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1994 г. N 117 "О Председателе Правления и Наблюдательном совете Казахского акционерного банка "Туранбанк";
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 марта 1995 г. N 243 "О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1994 г. N 117".
      Премьер-министр
    Республики Казахстан