1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң 32,29 процент мөлшерiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығына өкiлеттiгiн тоқтатсын.
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн Орталық Азия қор биржасы арқылы белгiленген тәртiппен бастапқы бағасынан төмендетпей сатсын.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы және Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 117 қаулысы:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 117 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 243 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi