1. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 60 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 4 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi, сондай-ақ саны 7 адамдық алқа ұстауға рұқсат берiлсiн <*> .
<*> Ескерту: 2-тармағында өзгертулер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
01.17.1996 ж. N 63 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратына 5 қызметтiк жеңiл автомобилi лимитi белгiленсiн <*> .
<*> Ескерту: 3-тармағында өзгертулер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
01.17.1996 ж. N 63 қаулысымен.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 21,
238-бап) қаулысының 3,5,14-тармақтары; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 шiлдедегi N 1043 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 309-бап). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1806 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Ынтымақтастық стратегиясы және ұйымдастыру басқармасы Экономикалық ынтымақтастықты дамыту басқармасы Көпжақты және екi жақты шарттарды жүзеге асыру басқармасы Әлеуметтiк бағдарламалар және экология саласындағы ынтымақтастық басқармасы Ұйымдастыру-қаржы басқармасы