Шетел кредиттерiн өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi құқықтық мұрагерлiк мәселелерiн реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 қаңтар N 51

      Қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ шетел инвесторларының басқаруына берiлген мемлекеттiк ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлiк мәселелерiн реттеу және Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетел кредиттерiн қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шетел кредиттерiн алған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi, олар бойынша құқықтық мұрагерлiк мiндеттемелерiн алдын-ала рәсiмдемей қайта ұйымдастыру, жекешелендiру және шетел инвесторларына беру практикасы тоқтатылсын.
      2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қайта ұйымдастыру, жекешелендiру және шетел инвесторларының басқаруына беру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, мүдделi мемлекеттiк ұйымдардың пiкiрлерiн ескере отырып жүргiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өздерiнiң қаулыларында нақты құқықтық мұрагерлерiн көрсетiп, шетел кредиторлары алдындағы мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындағаннан кейiн ғана шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қайта ұйымдастыру, жекешелендiру және шетел инвесторларына шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн басқаруға беру туралы мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi облыстық комитеттердiң шешiм қабылдауын, сондай-ақ бұл туралы Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiн және Эксимбанкiн хабардар етудi қамтамасыз етсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулының орындалуына бақылау
жасауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады