1. Техникалық көмек займының 5 359 500 АҚШ доллары мөлшерiндегi резервтiк қорының бөлiнуi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес займның iске асырылуын үйлестiрудi және тауарлар сатып алудың жүргiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырсын:
займ қаржыларын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берсiн:
займ қаржыларының бөлiнуiндегi өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне хабарласын.
3. Қосымшада көрсетiлген жауапты ұйымдар займ қаражатына алынған тауарларға есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының министрлерiне, ведомстволарына осы қаулы бойынша да "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 P940017_ қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек займы қаржысын қайта бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1329 P951329_ қаулысы бойынша да бөлiнген техникалық займ көмегi қаражатының мақсатты пайдаланылуын тексерудi қамтамасыз етсiн және нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен жоғарыда аталған қаулыға сәйкес берiлген Техникалық көмек займының орнын толтыру жөнiндегi келiсiмге қол қойсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 92 қаулысына қосымша
Техникалық көмек займының резервтiк қорын бөлу
(мың доллар) ______________________________________________________________________ Министрлiктердiң, і Қаулы і 1995 ж.15 і Қажет.і ведомстволардың і 15.01.94і13.10.95і желтоқсанғаі тiлiк іБөлу атауы і N 17 і N 1329 і игерiлгенi і і ______________________________________________________________________ Әдiлетминi Құқықтық реформа 1500 1950 1474.865 1500 300 Компьютерлер сатып алу 500 200 49.992 Мемстатком Консультациялық қызмет 450 450 449.260 Компьютерлер 60 250 60.004 Есептеу техникасы 1800 1800 1000 1000 Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия Компьютерлер - - - 100 100 Медициналық сақтандыру қоры Компьютерлер - - - 3600 618,5 Iшкiісминi Компьютерлер - - - 352 Қазынашылық Компьютерлер - - - 3000 3000 Кеденком Компьютерлер - - - 1000 Денсаулықминi Консультациялық қызмет 575 575 574.310 750 Компьютерлер 25 25 25 150 Аттестациялық комитет Компьютерлер - - - 41 41 Жиыны 4910 5250 2633.431 11493 5059,5 Ақпарат бюллетеньдерiн шығару 300 Барлығы 4910 5250 2633.431 11493 5359,5