1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкi арасындағы 1993 жылғы 15 қазандағы 38 млн. АҚШ доллары сомасына N 3642 KZ техникалық көмек заемы жөнiндегi келiсiмнiң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнде бекiтiлгенi еске алынсын.
2. Осы заем қаржысының қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша пайдалануға бөлiнгенi бекiтiлсiн. Техникалық көмек заемы қаржысының түсуi мен пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Бөлiнетiн қаржыларды нысаналы әрi тиiмдi пайдалану жауапкершiлiгi Техникалық көмек заемы шегiнде мұқтажына валюталық қаржы бөлiнген Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының бiрiншi басшыларына жүктелсiн.
3. Заем қаржысын алушы министрлiктер мен ведомстволар экономикалық ахуалдың өзгеруiн ескерiп, оны пайдаланудың нақтылы бағыттары бойынша мiндеттерiн анықтасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
- осы заемды өтеу кестесiне сәйкес 1994 жылдан бастап жыл сайынғы бюджет жобаларында процент төлемiне, ал 1999 жылдан бастап проценттердi және негiзгi қарызды өтеуге қажеттi қаржы көздесiн;
- 1994 жылдан бастап жыл сайын бюджет жобаларында осы заем қаржысының пайдаланылуын тексеру жөнiндегi халықаралық тәуелсiз аудиторлық фирма қызметiне төлем жасауға арналған тиiстi қаржы бөлудi көздесiн;
- 1994 жылдан бастап жыл сайын министрлiктер мен ведомстволар үшiн республикалық бюджетте тиiстi қаржы көздесiн.
5. Техникалық көмек заемын пайдалануға қатысушы министрлiктер мен ведомстволар есеп берiлетiн айдан кейiнгi келесi айдың 10-на дейiнгi мерзiмде заем қаржысын пайдалану барысы туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiкке тоқсандық есеп берiп отырсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк:
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заем бөлiгiн пайдаланудың барысы туралы мемлекеттiң сыртқы қарызының жиынтық есебi үшiн ақпар берiп отырсын;
- заем қаржысының пайдалану есебiн жүзеге асырсын, сондай-ақ
осы мәселе бойынша Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берiп отырсын. 7. Осы заем шеңберiнде сатып алынатын тауарлар мен қызметтер Халықаралық қайта жаңарту және даму банкiнiң ережелерi мен рәсiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. Сатып алу рәсiмдерiн сақтауды бақылау Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 қаулысына Қосымша <*> Ескерту. Қосымшаның күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1995.10.13. N 1329 қаулысымен.