Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1329 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек займының резервтiк қорын пайдалану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 қаңтар N 92. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.09.25. N 1168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек займын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Техникалық көмек займының 5 359 500 АҚШ доллары мөлшерiндегi резервтiк қорының бөлiнуi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес займның iске асырылуын үйлестiрудi және тауарлар сатып алудың жүргiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырсын:
      займ қаржыларын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берсiн:
      займ қаржыларының бөлiнуiндегi өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне хабарласын.
      3. Қосымшада көрсетiлген жауапты ұйымдар займ қаражатына алынған тауарларға есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының министрлерiне, ведомстволарына осы қаулы бойынша да "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 P940017_ қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек займы қаржысын қайта бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1329 P951329_ қаулысы бойынша да бөлiнген техникалық займ көмегi қаражатының мақсатты пайдаланылуын тексерудi қамтамасыз етсiн және нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен жоғарыда аталған қаулыға сәйкес берiлген Техникалық көмек займының орнын толтыру жөнiндегi келiсiмге қол қойсын.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 92 қаулысына қосымша


          Техникалық көмек займының резервтiк қорын бөлу

                                            (мың доллар)
______________________________________________________________________
  Министрлiктердiң,    і       Қаулы      і  1995 ж.15 і Қажет.і
  ведомстволардың      і 15.01.94і13.10.95і желтоқсанғаі тiлiк іБөлу
      атауы            і   N 17  і N 1329 і игерiлгенi і       і
______________________________________________________________________
     Әдiлетминi
 Құқықтық реформа        1500      1950      1474.865    1500    300
 Компьютерлер сатып алу   500       200        49.992

     Мемстатком
 Консультациялық қызмет   450       450       449.260
 Компьютерлер              60       250        60.004
 Есептеу техникасы       1800      1800                  1000   1000

     Бағалы қағаздар
 жөнiндегi ұлттық комиссия
 Компьютерлер              -         -           -        100    100

     Медициналық
   сақтандыру қоры
 Компьютерлер              -         -           -       3600   618,5

     Iшкiісминi
 Компьютерлер              -         -           -        352

     Қазынашылық
 Компьютерлер              -         -           -       3000   3000

     Кеденком
 Компьютерлер              -         -           -       1000

     Денсаулықминi
 Консультациялық қызмет   575       575       574.310     750
 Компьютерлер              25        25        25         150

     Аттестациялық комитет
 Компьютерлер               -        -           -         41     41

     Жиыны               4910      5250      2633.431   11493  5059,5
 Ақпарат бюллетеньдерiн шығару                                  300
     Барлығы             4910      5250      2633.431   11493  5359,5
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады