"Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер
өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 31 қаңтардағы N 120
P960120_
қаулысына сәйкес, кiтап саудасы мен
Алматы қаласының мектептерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң қалыптасқан
жүйесiн сақтау қажеттiгi мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi:
"Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар
пакетiн жабық тендерде сатсын;
сатуға шығару кезiнде "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының
жарғылық қорын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 468
қаулысының N 2 қосымшасына және бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
қайта тiркеу туралы 1996 жылғы 17 қаңтардағы N 03-2-8/453 куәлiгiне
сәйкес айқындасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi