Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 120

      Жаппай қырып-жоятын қару мен сондай технологиялардың таратылуына жол бермеу, экспорттық бақылаудың халықаралық тәртiбiне Қазақстанның тұтасуы, сондай-ақ Экспорттық бақылау саласындағы қазақстан-американ ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасындағы қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн құру мен оны пайдалану Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесу Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасындағы қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге автоматтандырылған экспорттық бақылау жүйесi" техникалық жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      қаржыландыру объектiлерiн, оларды пайдалану мен барлық алынған техникалық құралдарға иелiк ету тәртiбiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге байланысты автоматтандырылған экспорттық бақылау жүйесiн құрудағы ынтымақтастық пен техникалық көмек көрсету туралы АҚШ-тың Мемлекеттiк департаментiмен, АҚШ-тың Сауда министрлiгiмен, АҚШ-тың басқа да мүдделi департаменттерiмен және агенттiктерiмен қажеттi келiсiмдер жасайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы қару-жарақ, әскери-техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге автоматтандырылған экспорттық бақылау жүйесiн құру жөнiндегi техникалық жобаны қарасын және оны енгiзуде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, Кеден комитетiне және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға көмек көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жасалған

келiсiмдерге сәйкес Қазақстандағы қару-жарақ, әскери техника,
сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар,
жабдықтар, технологиялар және қызметтерге автоматтандырылған
экспорттық бақылау жүйесiн құру мәселесi жөнiндегi Қазақстан
Республикасы мен АҚШ министрлiктерiнiң өзара iс-қимылдары туралы АҚШ
Қорғаныс министрлiгiн хабардар етiп отырсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады