"Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 ақпан N 198. Күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1996.07.15. N 3059 жарлығымен. ~U963059

      "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 120 P960120_ қаулысына сәйкес, кiтап саудасы мен Алматы қаласының мектептерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң қалыптасқан жүйесiн сақтау қажеттiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi:
     "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар
пакетiн жабық тендерде сатсын;
     сатуға шығару кезiнде "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының
жарғылық қорын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 468
қаулысының N 2 қосымшасына және бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
қайта тiркеу туралы 1996 жылғы 17 қаңтардағы N 03-2-8/453 куәлiгiне
сәйкес айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады