1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, басқа мүдделi министрлiктер мен өзге орталық атқарушы органдар екi ай мерзiм iшiнде Каспий теңiзiнiң суы басатын және суы алатын аймақтағы темiр жол мен автомобиль жолдарын, әуежайларды, байланыс желiлерiн, мұнай өндiру учаскелерiн, өнiм тасымалдайтын құбыр магистралын, электр желiлерiн қорғау және көшiру жөнiндегi қажеттi жұмыс көлемiн анықтасын, бұл жұмыстарды шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаражаты есебiнен дер кезiнде және сапалы орындауы жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылы төтенше оқиғаларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан елдi мекендердi қорғауға және Каспий теңiзiнiң суы басатын аймақтан тыс жерлерде жаңа тұрғын үйлер салуға 380,0 /үш жүз сексен/ млн. теңге, оның iшiнде Атырау облысының әкiмiне - 290,0 /екi жүз тоқсан/ млн. теңге, Маңғыстау облысының әкiмiне - 90,0 /тоқсан/ млн. теңге бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаржының мақсатқа сай жұмсалуына қатаң бақылау жасасын.
Атырау мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бөлiнген қаражаттың жұмсалуы мен атқарылған жұмыстың көлемi туралы 1996 жыл бойы, тоқсан сайын ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспарының жобасын жасау мен республикалық бюджеттi қалыптастыру барысында 1997 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын тұрғын үй объектiлерi мен әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс объектiлерiн қорғауға және көшiруге қажеттi қаражатты бөлек қарастыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, мүдделi министрлiктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты қорғаныс шараларын қаржыландыру үшiн шетел капиталын тарту мүмкiндiгiн қарастыратын болсын.
5. Атырау мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерi мүдделi министрлiктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, қорғаныс құрылыстарын салудың кезектiлiгiн айқындайтын болсын, оларды салу барысында, теңiз әсерi жағдайында пайдалану кезiнде жоғары гидротехникалық талаптарға жауап беретiндей техникалық шешiм қамтамасыз етiлсiн, салынатын объектiлердiң сапасына қатаң бақылау орнатсын.
6. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1996 жылдың iшiнде су басатын аймақтарда скважиналардың сағасына саркофагтар сала отырып, консервациялауды және қажет болған жағдайда мұнай скважиналарын жоюды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы, республиканың мұнай, газ өндiретiн басқа да аймақтарында пайдаланылатын мұнай кәсiпшiлiктерiнiң аумақтарын, олардың сейсмикалық есептiк көрсеткiшiн анықтау тұрғысынан зерттеп, 1996-1997 жылдардың iшiнде сейсмикалық аудандарға бөлу картасын жасасын.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi 1996-1997 жылдарда сейсмикалық аудандарға бөлу жөнiндегi жаңа мәлiметтердi ескере отырып, мұнай, газ өндiретiн аудандарда, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң суы басатын, суы алатын аймақтарда үй-жайлар мен ғимараттарды жобалау мен салу үшiн нормативтiк база әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Экономика және биоресурстар министрлiгi Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi, оның iшiнде су басу мен су алудың жағалау өңiрiндегi табиғи ортаға әсерi, су алған аймақтарды экожүйелердiң құлдырау дәрежесi бойынша жiктеу, су басқан аймақта топырақ мен су көздерiн мұнай өнiмдерiнен тазарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және iздестiру жұмыстарын жыл сайын қаржыландыруды көздейтiн болсын.
9. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
екi ай мерзiм iшiнде Ақтөбе облысының аумағындағы ауданы 56,6 мың гектар және Батыс Қазақстан облысының 624,9 мың гектар жер учаскелерiн Атырау облысына уақытша пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзетiн болсын;
1996 жылдан бастап теңiз жағалауы аймағындағы жердiң, топырақ және өсiмдiк қабатының мониторингiн тұрақты түрде жүргiзудi ұйымдастырсын;
1996 жылдың iшiнде Атырау мен Маңғыстау облыстарының жер-шаруашылық құрылымының схемаларын жасайтын болсын.
10. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы Атырау мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, басқа мүдделi министрлiктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, аталған облыстардың Каспий теңiзi жағалауындағы жерлерiн 1996 жылы картаға түсiрудi қамтамасыз етсiн.
11. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы, су ресурстары жөнiндегi комитетi, Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы:
жаңадан құрылатын елдi мекендердi сумен жабдықтау үшiн жерасты су көздерiн iздестiру жөнiнде үш ай мерзiм iшiнде ұсыныс енгiзсiн;
1996 жылы Каспий теңiзiнiң жағалауындағы аймақта тұрақты режимдiк байқаудың қосымша пункттерiн және жерасты және жер бетiндегi суларының мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырсын;
1996 жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарының пайдаланымдағы жерасты су көздерiн су басу мен су алудан қорғау жөнiндегi инженерлiк шараларды әзiрлесiн.
12. 7, 9, 10, 11-тармақтарда көрсетiлген жұмыстар 1996 жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен келiсе отырып, қорғаныс шараларына бөлiнген қаражат есебiнен, ал кейiнгi жылдарда мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың тиiстi шығыс баптары бойынша, осы мақсат үшiн бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылсын.
13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының су ресурстары жөнiндегi комитетi, басқа министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар Каспий өңiрiндегi және басқа да мүдделi мемлекеттермен Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты проблемаларды шешудегi ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды жалғастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi