1. Герман кредитi есебiне сатып алынған "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының техника, жабдық, босалқы бөлшектер жөнiндегi берешегi, қосымшаға сәйкес, тiзбедегi ұйымдардың балансына берiлсiн.
2. Қосымшада көрсетiлген ұйымдар 1996-1998 жылдар iшiнде республикалық бюджетке өздерi пайдаланған кредиттiң бiр бөлiгiн валютамен немесе қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен бағамы бойынша теңгемен дер кезiнде аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 307 қаулысына қосымша
Германия Федеративтiк Республикасы берген кредит
бойынша берешектi қайтару жөнiндегi "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы ұйымдарының құқықтық мұрагерлерiнiң ТIЗБЕСI Немiс маркасымен 1. "Агро-Қамқор" АҚ, Алматы қаласы 1669599,69 2. "Агропром" МТС-1 бойынша МЖӨБ, Өскемен қаласы 3404708,52 3. МТС-тiң облыстық базасы, Қызылорда қаласы 187236,60 4. "Кең дала" АҚ, Көкшетау қаласы 1639264,18 5. "Жабдықтаушы" АҚ, Қостанай қаласы 1243329,49 6. Торғай" АҚ, Арқалық қаласы 143379,60 7. "Агротехснаб" ТҚБ, Орал қаласы 1623206,36 8. "Құрал" АҚ, Қарағанды қаласы 287992,63 9. "Павлодарагротехника" АҚ, Павлодар қаласы 682344,95 10. МТС-тiң облыстық базасы, Талдықорған қаласы 1293744,34 11. "МТС-тiң облыстық базасы" АҚ, Семей қаласы 772628,26 12. "МТС сауда базасы" АҚ, Шымкент қаласы 2217507,34