Герман кредитi есебiне сатып алынған техника, жабдық, босалқы бөлшектер жөнiндегi берешектi беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 наурыз N 307

      "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 тамыздағы N 1081 P951081_ қаулысын орындау мақсатында "Кең дала" акционерлiк компаниясының құрамына кiрмейтiн ұйымдарға берешектi беру мәселелерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Герман кредитi есебiне сатып алынған "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының техника, жабдық, босалқы бөлшектер жөнiндегi берешегi, қосымшаға сәйкес, тiзбедегi ұйымдардың балансына берiлсiн.
      2. Қосымшада көрсетiлген ұйымдар 1996-1998 жылдар iшiнде республикалық бюджетке өздерi пайдаланған кредиттiң бiр бөлiгiн валютамен немесе қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен бағамы бойынша теңгемен дер кезiнде аударуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 307 қаулысына қосымша


            Германия Федеративтiк Республикасы берген кредит

            бойынша берешектi қайтару жөнiндегi "Кең дала"
                мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
                ұйымдарының құқықтық мұрагерлерiнiң
                               ТIЗБЕСI

                                            Немiс маркасымен
     1. "Агро-Қамқор" АҚ, Алматы қаласы                1669599,69
     2. "Агропром" МТС-1 бойынша МЖӨБ, Өскемен қаласы  3404708,52
     3. МТС-тiң облыстық базасы, Қызылорда қаласы       187236,60
     4. "Кең дала" АҚ, Көкшетау қаласы                 1639264,18
     5. "Жабдықтаушы" АҚ, Қостанай қаласы              1243329,49
     6. Торғай" АҚ, Арқалық қаласы                      143379,60
     7. "Агротехснаб" ТҚБ, Орал қаласы                 1623206,36
     8. "Құрал" АҚ, Қарағанды қаласы                    287992,63
     9. "Павлодарагротехника" АҚ, Павлодар қаласы       682344,95
     10. МТС-тiң облыстық базасы, Талдықорған қаласы   1293744,34
     11. "МТС-тiң облыстық базасы" АҚ, Семей қаласы     772628,26
     12. "МТС сауда базасы" АҚ, Шымкент қаласы         2217507,34
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады