"Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 тамыздағы N 1081

      Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес бәсекелестiктi дамыту мен жекешелендiру процесiн жеделдету мақсатында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес келтiру қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесiнiң осы компанияны "Кең дала" және "Өнiм" акционерлiк қоғамы етiп қайта құру туралы шешiмiмен келiсiлсiн.
      2. Меншiк нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өндiрiстiк-техникалық, ақпараттық және сервистiк қызмет көрсету "Кең дала" акционерлiк қоғамының негiзгi қызметi болып белгiленсiн.
      3. Жүгерiнiң тауарлық дәнi мен басқа да дақылдар өндiрiсi жөнiндегi интенсивтi технологиялар енгiзу "Өнiм" акционерлiк қоғамының негiзгi жұмысы деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының және аумақтық акционерлiк компанияларының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлген акционерлiк қоғамдарының акциялардың мемлекеттiк пакетiн қайтарып алсын;
      осы қаулы шыққан кезде купондық аукционда сатылмай қалған акционерлiк қоғамдардың акциялары қайтарып алынсын;
      <*>
      "Кең дала" акционерлiк қоғамымен, облыс әкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң аумақтық комитеттерiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн аумақтық акционерлiк компанияларды қайта құру тәртiбiн айқындайтын болсын;
      акционерлiк қоғамның, сатуға жататын акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң тiзбесiн айқындасын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес акцияларды сатуды ұйымдастыру iсi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн.
      Ескерту. 4-тармақтың 4-абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               1995.12.29. N 1884 қаулысымен. P951884_
      5. "Кең дала" акционерлiк қоғамы "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының барлық мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде банктерден алған (iшкi және сыртқы) кредиттер бойынша мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. "Кең дала" акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне акционерлiк қоғамдар жөнiндегi банк кредиттерi бойынша көрсетiлген берешектер бөлiгiн "Кең дала" және "Өнiм" акционерлiк қоғамдарына берiлмеген акциялардың мемлекеттiк пакетiн қайта ресiмдеу туралы ұсыныс енгiзсiн.
       6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Кең дала" және "Өнiм" акционерлiк қоғамдардың құрылтайшы құжаттарын, сондай-ақ ведомстволық нормативтi актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      7. "Кең дала" және "Өнiм" акционерлiк қоғамдарының президенттерiн акционерлердiң алғашқы жиналысына дейiнгi кезеңге Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды деп белгiленсiн.
      8. Осы қаулының орындалуы 1995 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Төралқасында бақылау ретiнде тыңдалсын.
      9. "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Президентi мен Байқаушы кеңесi туралы " Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 805 қаулысының;
      "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қыркүйектегi N 837 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж. N 36, 412-бап);

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы
7 қыркүйектегi N 837 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
13 маусымдағы N 624 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 25, 266-бап) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                    Қазақстан Республикасы    
                                    Министрлер Кабинетiнiң                 
    
                                    1995 жылғы 4 тамыздағы
                                      N 1081 қаулысына
                                        1 қосымша

            "Кең дала" акционерлiк қоғамының құрамына
                кiретiн акционерлiк қоғамдардың
                         Тiзбесi

                Алматы қаласы
     "Республикалық оқу орталығы" АҚ
     "Бас есептеу орталығы" АҚ
     "Қазагрожиынтық" АҚ
     "Ауылшартехника" МТС-iнiң республикалық базасы" АҚ
                
                Ақмола облысы

     "Агрожабдық" АҚ

                Ақтөбе облысы

     "Темiр" АҚ 
     "Ремонтник" АҚ
     "Алға" АҚ
     "Дархан" Ақ

                Алматы облысы

     "Агросервис" АҚ
     "Жөндеушi" АҚ
     "Iле МРОП" АҚ

                Шығыс Қазақстан облысы

     "МТС-тiң облбазасы" АҚ

                Жамбыл облысы

     "Шеберхана" АҚ
     "Ассаагроөнеркәсiптехника" АҚ
     "Дәнекер" АҚ
     "МТС-тiң" Үшбұлақ базасы" АҚ  
     "Прогресс" АҚ
     "Жуалы агроөнеркәсiптехника" АҚ
     "Контакт" АҚ

                Батыс Қазақстан облысы

     "Агробосалқыбөлшек" АҚ
     "Агрожөнжабдықтау" АҚ
     
                Қарағанды облысы

     "Қарағандыагроөнеркәсiптехника МТС-iнiң N 1 базасы" АҚ

                Қызылорда облысы

     "Агроөнеркәсiптехника" Ақ

                Қостанай облысы

     "Тоғызақ" АҚ
     "Техсервис" АҚ
     "Қайрат" АҚ
     "Қайнар" АҚ
     "Жабдықтаушы" АҚ

                Көкшетау облысы

     "Тұлпар" АҚ
     "Агроөнеркәсiптехника" АҚ
     "Дәутсервис" АҚ
     "Кiшкенекөл" АҚ

                Павлодар облысы

     "Агроөнеркәсiптехника" АҚ

                Солтүстiк Қазақстан облысы

     "Есiлагротехника" АҚ
     "Мамлют ауданауылшартехника" АҚ
     "МТҚ жөнiндегi Тимирязев ӨБ" АҚ
     "МТҚ жөнiндегi Совет ӨБ" АҚ
     "МТҚ жөнiндегi Булаев ӨБ" АҚ
     "МТҚ жөнiндегi Сергеев ӨБ" АҚ

                Талдықорған облысы

     "Агроөнеркәсiптехника" АҚ
     "Құлагер" АҚ
     "Майтөбе" АҚ
     "Ұста" АҚ

                Торғай облысы

     "Агроөнеркәсiптехника" АҚ
     "Красивенск БК" АҚ
     "Кенесары" АҚ

                Оңтүстiк Қазақстан облысы

     "Киров ААӨТ" АҚ
     "Түркiстан" ААӨТ" АҚ
     "Жетiсайагросервис" АҚ
     "Мақтаарал ААӨТ" АҚ
     "Арысауылжиынтық" АҚ


                                         Қазақстан Республикасы     

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 тамыздағы N 1081 қаулысына 2 қосымша


                  "Өнiм" акционерлiк қоғамының құрамына

                    кiретiн акционерлiк қоғамдардың
                               Тiзбесi

                Жамбыл облысы

     "Дархан" АҚ
     "Шуагрожабдықтау" АҚ

                Оңтүстiк Қазақстан облысы

     "Отырар агросервис" АҚ
     "Сайрам агросервис" АҚ
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады