Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 399. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.29. N 498 қаулысымен. ~P990498


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының өсуiн
реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия
туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 399 қаулысымен
                                            БЕКIТIЛГЕН

            Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
        жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар
        мен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының
        өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық
                            комиссия туралы
                              Е Р Е Ж Е



      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi N 608 P920608_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 37 P960037_ қаулысына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы дербес ұйым болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.07.09.
               N 651 қаулысымен. P980651_
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Үкiмет қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және пестицидтердi, өзге де препараттарды қолдануды реттейтiн Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдарының нормативтi құқықтық актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Ғылым министрлiгiмен - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясымен, Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiмен, Кеден комитетiмен және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетпен, азаматтық авиация бөлiмшелерiмен және басқа ұйымдармен байланыста ұйымдастырылады.
      4. Қазақстан Республикасында пестицидтер мен басқа да препараттарды қолдану регламентiн реттеу мақсатында Комиссия:
      адамдар мен қоршаған орта үшiн қауiпсiз өсiмдiк қорғау құралдарын қолданудың биологиялық, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық регламенттерiн зерттеу мен тексерудi ұйымдастырады;
      пестицидтер мен басқа препараттарды тiркеу және олардың қолдану аясын кеңейту үшiн перспективалық түр-түрiн белгiлейдi;
      препараттарды мемлекеттiк тiркеуден өткiзедi және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Орман шаруашылығы комитетiмен, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығында пайдалану үшiн рұқсат етiлген пестицидтердiң, биологиялық құралдардың, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының өсуiн реттегiштердiң тiзiмiн, меншiк нысанына қарамастан, барлық табиғат пайдаланушылар үшiн қолдану мiндеттi болып табылатын регламентiмен халыққа сату үшiн химиялық және биологиялық препараттардың, сондай-ақ басқа да әдiстемелiк және нормативтiк материалдардың тiзiмiн бекiтедi;
      рұқсат етiлген пестицидтердiң және басқа құралдардың тiзбесiне, осы құралдарды пайдаланудың аймақтағы экологиялық жағдайға қарай оларды қолдану технологиясына және зерттеулер нәтижелерi бойынша жаңа мәлiметтерге түзету енгiзедi;
      адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға терiс әсерi пайда болған, бұрын анықталған немесе тiркеуге дейiн өтiнiш берушi айтпағанда препараттың қауiптiлiгi туралы жаңа мәлiметтер алынған жағдайда оны тiркеу мен пайдалануды тоқтату жөнiнде шешiм қабылдайды. Өтiнiш берушi препараттың адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпалы туралы берген ақпаратының жалғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi;
      Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және басқа орталық атқарушы органдарымен келiсiм бойынша тiркеу сынақтары мен тiркеулер өткiзу жөнiнде бiрегей әдiстемелiк нұсқауларды, ережелердi бекiтедi;
      конкурстық негiзде бағдарламалар мен зерттеу жұмыстарын орындаушыларды белгiлейдi. Орындаушы ұсынылған зерттеулердiң дұрыстығына толық жауап бередi;
      5 жылдан аспайтын мерзiмге препараттарды тiркейдi. Осы мерзiм бiткенде белгiленген тәртiппен олардың ерекшелiктерi мен тиiмдiлiгi жөнiнде осы уақыт iшiнде жинақталған жаңа ақпаратты ескере отырып оларды қайта тiркеу жүргiзiледi;
      дайындаушы фирмалармен және ұйымдармен жаңа тiркелген өсiмдiк қорғау құралдары мен оларды қолдану технологияларының көрсетiлген сынақтарын келiседi;
      ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарға зерттеулер жүргiзу үшiн өтiнiш берушiлерден қайтарымсыз негiзде түскен пестицидтердiң үлгiлерi мен қолданыстағы заттардың химиялық стандарттарының үлгiлерiн алуға рұқсат етедi;
      сынақтарды өткiзуге және қаржыландыруға өтiнiш берушiлермен және орындаушылармен шарттар жасайды;
      өтiнiш берушiлерден пестицидтердi тiркегенi үшiн осы Ережеге сәйкес мөлшерде жарна алады;
      шартты негiзде ақпараттық-құқықтық сипаттағы ақылы қызмет көрсетедi;
      тiркегенi және ақылы қызметтер көрсеткенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджеттiң кiрiсiне жолданады; <*>
      меншiктiң түрлi нысанындағы ұйымдар мен тауар өндiрушiлердi олардың пестицидтер мен басқа да препараттарды тiркеуi, көрсету сынақтарын өткiзу бөлiгiнде бақылау жасауға құқы бар;
      пестицидтердi, басқа да препараттарды қолдану регламентiне байланысты семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және олардың жұмысына қатысады, қажет болған жағдайда мәселелердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, басқа орталық атқарушы органдарына ұсыныс енгiзедi;
      өсiмдiк қорғау мен препараттарды қолдану мәселелерi бойынша анықтамалықтар, буклеттер, басқа да арнаулы әдебиеттер шығарады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09.
               N 651 қаулысымен. P980651_

      5. Комиссия:
      жылына бiр реттен кем емес Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерi мен басқа да орталық атқарушы органдарына тыйым салынған, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi, орындау үшiн мiндеттi болып табылатын басқа да препараттарды әкелу мен қолданудың алдын алу мақсатымен оларды тiркеуден өткiзудегi өзгерiстер жөнiнде хабарлап отыруға;
      пестицидтер мен басқа да препараттарды қолданудың ұтымды және қауiпсiз әдiстерiн насихаттауды жүзеге асыруға;
      өтiнiш берушiге тiркеу және сынақ тәртiбiндегi өзгерiстер жөнiнде дер кезiнде хабарлап отыруға;
      тiркеу сынаған жүргiзу тәртiбiнде кемшiлiкке жол берiлген

жағдайда шарт бұзылады және келтiрiлген шығынды өтеудi талап етуге
тиiс.
     6. Комиссия заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерiнде
шоты: қазақ, орыс тiлдерiнде өз атауы көрсетiлген белгiленген
үлгiдегi мөрi, фирмалық бланкiсi мен тiркелген куәлiгi болады.
     7. Комиссияны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрi тағайындайтын төраға басқарады.
     Комиссия төрағасына өзiне жүктелген мiндеттер мен қызметтер
үшiн дербес жауапкершiлiк жүктеледi.

                                       ҚОСЫМША

            Тiркеу жарналарының сомасы

                                      (АҚШ-тың мың долларымен)*

______________________________________________________________________
                                      і  Отандық  і  Шет елдiк
                                      і  өндiрiс  і   өндiрiс
______________________________________________________________________
     Жаңа препарат                         1,0         6,0
     Жаңа препараттық нысан                0,5         3,0
     Қолдану аясының кеңеюi                0,2         1,6
     Қайта тiркеу                          0,2         1,6
     Уақытша тiркеу                        0,5         3,0
______________________________________
     Ескерту:
<*>
 Жарналар төлем жасау сәтiндегi Қазақстан
             Республикасы Ұлттық Банкiнiң курсы бойынша теңгемен
             қабылданады.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады