"1996-1998" жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56
P960056_
қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-бап) бекiтiлген 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспарына сәйкес, халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Балансында әлеуметтiк сала объектiлерi бар заңды тұлғаларға, белгiленген тәртiпте, оларды жергiлiктi атқарушы органдарға беру туралы ұсыныс әзiрлеу және оны облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң қарауына енгiзу ұсынылсын.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi тиiстi министрлiктердiң келiсiмi бойынша заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң бағдарламасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың балансына қабылдау-берудi қамтамасыз ететiн болсын.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi индикативтiк жоспар мен бюджеттi жасау кезiнде белгiленген тәртiпте оларды оңтайластыруды ескере отырып, әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға қаражаттар бөлу туралы мәселе қарастырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы "4" шiлдедегi
N 844 қаулысымен
бекiтiлген
Заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн
жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң
Бағдарламасы
I. Кiрiспе
Заңды тұлғалардың (бұдан әрi - кәсiпорын) әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң бағдарламасы 1996 жылғы арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспарына және Әлеуметтiк сала объектiлерiн кәсiпорындардан бөлудiң мемлекеттiк стратегиясына сәйкес жасалған.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында балансында әлеуметтiк сала объектiлерi бар кәсiпорындардың бiрқатарының қаржылық ахуалы нашарлап кеттi, бұл олардың халыққа ұсынатын қызметтерiнiң қысқаруына, сондай-ақ әлеуметтiк қызмет көрсетудiң кейбiр объектiлерiнiң жабылуына әкелiп соқтырды.
Осы Бағдарлама бұл кәсiпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру, ақы төлеу негiзiнде және тiкелей тұтынушылар тарапынан қаржыландырылатын қызметтермен қатар ұсынатын әлеуметтiк қызметтердiң көлемiн сақтау мақсатында әзiрлендi.
2. Кәсiпорындардың әлеуметтiк сала
объектiлерiнiң жай-күйi
Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1994 жылы кәсiпорындардың балансында болған әлеуметтiк сала объектiлерi туралы деректерi және 1995 жылға баға беру бойынша кәсiпорындардың балансындағы жұмыс iстеп тұрған әлеуметтiк сала объектiлерiнiң саны айтарлықтай қысқарған немесе олар өз тұрғысында пайдаланылмайды.
1994 жылы жұмыс iстеп тұрған бала бақшаларының төрттен бiрiне жуығы 1995 жылдың ортасына қарай жабылды. Желiлердiң елеулi қысқаруы балалар сауықтыру мекемелерi бойынша байқалады.
Селолық және қалалық жерлерге орналасқан әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға арналған шығындардың айырмашылығы айтарлықтай. Осылайша республика бойынша кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiнiң селолық жерлердегi тұрғындардың жанбасына шаққандағы шығындары республика бойынша орта есеппен 1994 жылы қалалық жерлердегi шығындардың тек 30 %-тiн құрады.
Аймақтар бойынша бiр тұрғынға шаққандағы кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға арналған шығынның айырмашылығы да айтарлықтай: Қызылорда облысындағы 54 теңгеден Маңғыстау облысындағы 630 теңгеге дейiн. Олар республика бойынша орташа алғанда 228 теңгенi құрайды.
3. Басымдықтарды iрiктеу амалдары
Олардың әлеуметтiк тиiмдiлiгi мен бүтiндей алғанда сол аймақ пен республика үшiн маңыздылығы, жұмыстарын жергiлiктi өкiмет органдары қамтамасыз етуге тиiс әлеуметтiк сала объектiлерiн iрiктеудiң негiзгi өлшемi болып табылады.
Бюджеттiк қаражаттардың жеткiлiксiздiгi жағдайында кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн бiр мезгiлде тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен қаржыландыруға беру мүмкiн емес.
Осыған байланысты берiлетiн объектiлердiң басымдылығын айқындау және бұл жағдайда әлеуметтiк инфрақұрылымынан бiрiншi кезекте босату қажет кәсiпорындардың қаржылық жағдайын да ескерiп әлеуметтiк сала объектiлерiн аймақ үшiн маңыздылығы бойынша топтастыру керек.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн беру мынадай дәйектiлiкпен жүзеге асырылуы тиiс.
Бiрiншi топ - бұл қарастырылатын нақты аймақ үшiн өте қажеттi және кәсiпорынның ұжымы үшiн бiрiншi дәрежелi маңызды емес объектiлер болып табылатын әлеуметтiк сала объектiлерi.
Мұндай объектiлерге қарастырылатын аймақ үшiн күнделiктi әлеуметтiк мәнi бар мектептер, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi (балабақшалар), денсаулық сақтау объектiлерi жатады.
Бiрiншi кезекте осы объектiлер бойынша 1996-дан 1998 жылға дейiнгi кезеңде жергiлiктi бюджетке беру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылуы керек.
1996 жылы конверсияланған кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан Бүкiләлемдiк Даму және Қайта жаңарту Банкiнiң Әлеуметтiк қорғау жобасында қарастырылған кәсiпорындар бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Балансында негiзiнен бүкiл қалалық әлеуметтiк инфрақұрылым бар бiр ғана үстем кәсiпорынды қалалар мен қала үлгiсiндегi поселкелер айрықша проблема құрайды. Мұндай объектiлердi беру облыста жүргiзiлген әлеуметтiк сала объектiлерi желiсiн нығайту ескерiлiп жүзеге асырылуы тиiс.
Екiншi топ - бiрiншi топқа кiрмеген және аймақ пен кәсiпорын үшiн бiрiншi дәрежелi маңызы бар әлеуметтiк жағдай жасамаған әлеуметтiк сала объектiлерi.
Мұндай объектiлерге жергiлiктi жерде олардың сол аймақ үшiн маңыздылығына қарай оларды жергiлiктi бюджетке беру туралы шешiм қабылданатын немесе басқа нұсқаулар: өзiн өзi қаржыландыруы, жекешелендiру, жалға беру, басқаруға беру, қайта бейiндеу және с.с. қарастырылатын спорт мекемелерi, демалыс үйлерi, балаларға арналған жазғы лагерьлер, кiтапханалар, мұражайлар мен көрмелер, мәдениет сарайлары мен үйлерi, санаторий-профилакторийлер және басқалары жатады.
Үшiншi топ - кәсiпорынның ұжымы үшiн бiрiншi кезектi әлеуметтiк жағдай жасаушы және кәсiпорынның өзiнiң қызметi үшiн айтарлықтай маңызды мәнi бар әлеуметтiк сала объектiлерi.
Мұндай объектiлерге әлеуметтiк сала объектiлерiнiң жалпы көлемiнде елеулi үлесi бар ведомстволық тұрғын үй қоры жатады. Кәсiпорындардың балансындағы тұрғын үйдiң 80 проценттен астамы жекешелендiрiлген және азаматтардың жеке меншiгiнде. Соған қарамастан үйлер кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында қалып келедi, ал пәтер ақымен және коммуналдық қызметтер үшiн төленетiн ақымен толық өтелмейтiн оларды ұстауға арналған шығыстар тұрғын үй қоры балансында тұрған кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттары есебiнен қаржыландырылады. Алайда, тұрғын үйге меншiк құқығын қайта бөлуге байланысты оны ұстаудың тәртiбi өзгередi, яғни тұрғын үй-коммуналдық саланың кезең-кезеңмен дотациясыз жұмыс iстеуге көшiрiлуi қарастырылады.
Тұрғын үй қорын ұстау және пайдалану жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық саланы дотациясыз жұмыс iстеу режимiне тезiрек көшiру үшiн оларға тұрғын үйлердi ұстау және пайдалану жөнiндегi қызметтердi жүктеу арқылы пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс 1996 жылы аяқталуы тиiс.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берумен бiр мерзiмде аталмыш объектiлердiң коммуникациялық желiсi жөнiндегi мәселенi (оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi, қаржыландыру көзi және т.б.) қараған жөн.
Алайда кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға беру мәселелерiн шешу кезiнде кәсiпорындардың барлығы бiрдей бұл объектiлердi бөлуге мүдделi болмауы мүмкiн.
Кейбiр кәсiпорындар өздерiнiң әлеуметтiк активтерiн сақтап қалады және пайдаланады. Мұндай жағдайда олар ұсынатын қызмет түрлерiнiң көлемiн қарастыратын аймақ бойынша сол немесе басқа қызмет көрсетулерге жалпы сұраным есебiн де ескеру қажет.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн кәсiпорындардың балансынан беру кезеңдерiн айқындау кезiнде кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн ауыспалы кезең бойы қолдау жөнiндегi мүмкiндiгi мен ниетiн немесе оларды одан кейiн кәсiпорын жергiлiктi атқарушы органдармен олардың бейiнiн қаржыландыру және сақтау мәселесiн шешуiн келiсу шартымен бұл әлеуметтiк объектiлердi қайтарып алуға құқықты болуын ескеруi қажет.
Кәсiпорынның әлеуметтiк сала объектiлерiн одан әрi пайдалануының (iшiнара, уақытша) тәртiбi мен шарттары жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша айқындалады.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың иелiгiне беру кезiнде оларға қаржыландырудың тиiстi бейiндегi бюджеттiк ұйымдар үшiн белгiленген нормалары мен тәртiбi қолданылады. Оның үстiне берiлген әлеуметтiк сала объектiлерi бюджеттiк қаражаттардың тиiстi деңгейiн сақтауы жағдайында бюджеттен тыс қосымша көздер (қосымша арқылы қызметтер көрсету, ата-аналардың тұтынушылардың) төлем ақыларын бiртiндеп өсiру, демеушiлердiң қаражаттарын тарту және с.с.) тарта алады.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн беру аймақтардың нақты ерекшелiктерi ескерiлiп, олар жасаған жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Нақты жоспарды жасау кезiнде мынадай принциптерге:
пайдалануға жарамды үйлер мен ғимараттарды сақтауға;
әлеуметтiк сала объектiлерiнiң желiсi мен құрамын оңтайландыруға;
объектiлердiң толықтырылуын жобалық қуатына дейiн жеткiзуге;
халықтың барлық жiгiнiң әлеуметтiк қызметтердi пайдалануының, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санаттары үшiн атаулы жәрдем жүйесiн қолданудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге;
ғимараттарды, жабдықтарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттырудың, отын-энергетикалық және басқа да ресурстарды есептеу мен үнемдеудiң режимiн жаппай енгiзудiң есебiнен объектiлердi ұстауға арналған ағымдағы шығыстарды қысқартуды қамтамасыз етуге сүйенген жөн болар едi.
4. Басымдықтарды iрiктеудiң принциптерi
Негiзгi басымдықтарды айқындау құқығы жергiлiктi атқарушы органдарға берiледi. Бұл жағдайда әлеуметтiк сала объектiлерiн келешекте пайдалану тәртiбiне қатысты шешiм аймақ үшiн маңызы, олардың қалалық және селолық жерлерге арналған тiзiмдiк құрамы, қызмет аялары бойынша қызмет көрсетуге арналған шығыстарының көлемi, бюджеттiң есебiнен ұсталатын әлеуметтiк сала объектiлерi бойынша да және кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерi бойынша да бiр тұрғынға шаққандағы шығыстардың үлес салмағы және басқа ерекшелiктер ескерiлетiн экономикалық талдаудың негiзiнде қабылданады.
Бiлiм саласында. Мектептер мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi желiлерiнiң басымдылықтарын анықтау мен оңтайландыру және рационализациялау мүмкiндiктерiн қарастыра келiп, әрбiр объектiнiң техникалық жағдайын, оның жарақаттануын, тiзiмдiк құрамын және бiр оқушыны (баланы) ұстауға арналған шығыстарын, қаралатын аймақтың аталмыш объектiге сұранымын және т.б. ескеру қажет.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн беру кезiнде олардың бiлiм беру желiсiнiң бiрiншi сатысы болып табылатын және мектеп жасына дейiнгi 5-6 жастағы балалар үшiн мiндеттi екенi назарда ұсталуы тиiс.
Денсаулық сақтау саласында. Кәсiпорындарға ведомстволық бағыныштағы денсаулық сақтау объектiлерi денсаулық сақтаудағы жалпы қызмет көрсетудiң салыстырмалы түрдегi шағын бөлiгiн бiлдiредi және тек жергiлiктi маңызы болады. Ұжымдар мен кеңшарлардағы алғашқы буынның медициналық объектiлерi қазiргi уақытта ауыр жағдайда тұрған алғашқы медициналық көмек жүйесiнiң маңызды бөлiгiн бiлдiредi. Оларға қалыпты қызмет етуi үшiн жағдай жасай отырып, аймақтардың нақты ерекшелiктерiн ескеру қажет.
Әлеуметтiк объектiлердi кәсiпорындардан бөлудi емдеу- профилактикалық мекемелер жүйесiн оңтайландырудың жалпы жоспарының бiр бөлiгi ретiнде жүргiзген жөн. Аурухана секторын неғұрлым тиiмдi пайдалану қажет. Ол жекелеген стационарларды рационализациялауға, бiрiктiруге, сондай-ақ жабуға алғы шарт жасайды, ал осы шаралар есебiнен үнемделген қаражаттар, денсаулық сақтау ұйымын ұстауға бағытталуы тиiс.
Басымдықтарды iрiктеу кезiнде мынадай өлшемдердi:
аурухана қызметтерiн көшiрмелеудi азайтуды, оларды халық үшiн қолайлы жерлерде шоғырландыруды, тиiмдi жұмыс iстейтiн мекемелердi сақтауды, денсаулық сақтау қызметiн оңайлатуды қамтамасыз етудi ұстану қажет.
Нарықтық экономика жағдайларына сәйкес келетiн және өзiн-өзi қаржыландыру принциптерiмен дамытылатын аурухана секторын құру, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық сақтандыруда көзделiнген денсаулық сақтау объектiлерiн қаржыландыру әдiстерiн қолдану қажет. Кейбiр облыстарда облыс әкiмдерiнiң шешiмi бойынша облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармалары бiрiктiрiлдi. Осындай жол табудың мүмкiндiгiн бiлiм беру саласында да қолдануға болады.
5. Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң ұтымды
деңгейiн қамтамасыз ету
Республика Үкiметi барлық азаматтарға әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етедi. Бюджеттi құру кезiнде облыстардың бiр тұрғынға есептегендегi әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң кепiлдi көлемiн қаржыландыруға сұранымын ескеру қажет.
Ұсынылатын қызметтердiң көлемi мен олардың түрлерiн сақтауға қатысты нақты шешiмдердi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
Халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң ұтымды деңгейiн сақтау үшiн негiзгi жауапкершiлiк бұл жұмысқа жалпы басшылықты жүзеге асырушы облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне жүктеледi.
6. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiмi), "Меншiк туралы", "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 22 ақпандағы N 193
P950193_
, "Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi жергiлiктi атқару органдарына берудiң және оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 975
P950975_
, "Конверсияланатын кәсiпорындардың балансында тұрған денсаулық сақтау, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi және тұрғын үй қоры объектiлерiн 1995 жылы жергiлiктi әкiмдердiң балансына беру туралы" 1995 жылғы 8 тамыздағы N 1098 қаулыларына сәйкес әлеуметтiк объектiлердi жекешелендiру және қабылдау-өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырудың нормативтiк базасы құрылды.
Әлеуметтiк объектiлердi кәсiпорындардан бөлудiң мемлекеттiк стратегиясымен кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн таяу болашақта жергiлiктi атқарушы органдарға берудiң негiзгi жолдары мен принциптерi, сондай-ақ Үкiметтiң, жергiлiктi атқарушы органдар мен кәсiпорындардың әлеуметтiк активтердi сақтаудағы iс-қимылы мен жауапкершiлiгi қарастырылады.
7. Әлеуметтiк сала объектiлерiн беру кезiндегi
iс-қимылдардың тәртiбi
Әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беру қоса берiлiп отырған ұйымдастыру жоспарына (N 1 қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
1996 жыл - ұйымдастыру кезеңi
Жер-жерде кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiліктi атқарушы органдарға қабылдау-өткiзу жөнiндегi әкiмдер аппараттарының, олардың дербес атқарушы органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң, аталмыш объектiлердi беретiн кәсiпорындардың басшылары кiретiн облыстық, аумақтық комиссиялар (бұдан әрi - Комиссиялар) құрылады. Комиссиялар берiлетiн объектiлер бойынша деректердi жинау және талдау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және басымдықты объектiлердi айқындайды.
Әрбiр берiлетiн объектiлерге толық сипаттамасын (орналасқан жерiн, қуаттылығын, жарақаттануын және т.с.с.) қамтитын сауалнама толтырылады. Объектiлер бойынша деректердiң үлгiлiк тiзбесi қоса берiлiп отыр (2 қосымша).
Сауалнаманың деректерi берушi кәсiпорындар тарапынан толтырылады және Комиссияға ұсынылады.
Алынған ақпараттардың негiзiнде Комиссиялар қызмет түрлерi бойынша (ауруханалар, емханалар, бала бақшалары және т.с.с.) топтастырылған берiлетiн объектiлердiң түгендеу тiзiмiн жасайды.
Облыстар мен Алматы қаласы Әкiмдердiң тиiстi бөлiмдерi оларды бiрiктiру жолымен әлеуметтiк объектiлер желiлерiн оңтайластырудың, қызметтердiң қайталануын болдырмаудың, қызмет көрсету аймағын кеңейту есебiнен жобалық қуатқа шығудың және с.с. нұсқаларын есептейдi, қуаттары пайдаланылмай қалған бос тұрған объектiлердi пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
Әлеуметтiк сала объектiлерi жүйелерiн оңтайландырудың iрiктелiп алынған нұсқалары негiзiнде Комиссиялар мен әкiмдер аппараттарының бөлiмдерi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бекiтетiн кәсiпорындар беретiн әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi қабылдаудың 1997-1998 жылдарға арналған түпкiлiктi кестесiн жасайды.
Берiлетiндердi ескерiле отырып, әлеуметтiк сала объектiлерi бойынша оларды ұстауға қажеттi қаржылар есептеледi. Бұл объектілердi жергiліктi бюджеттерден қаржыландырудың мүмкiндiгi анықталады, ал шығыстардың жабылмайтын бөлiгiне қаржыландырудың қосымша көздерi iздестiрiледi.
Ондай көздер:
ата-аналардың баланы ұстау үшiн ақы төлеуiн арттыру;
қосымша ақылы қызметтер көрсету;
әлеуметтiк объектiлердi жекешелендiруден және қолда бар жүйелердi оңтайландырудан алынған қаражаттар;
берiлген әлеуметтiк объектiлердi ауыспалы кезең бойы қолдауға ниет бiлдiрген кәсiпорындардың қайырымдылық акциялары;
беретiн кәсiпорындардың үлестiк қатысуы (келiсiмде немесе шартта көрсетiледi);
өзге де көздер болуы мүмкiн.
Әлеуметтiк салаға арналған қаражатқа жалпы қажеттiлiктi айқындау кезiнде денсаулық сақтау объектiлерiн Медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландыру тәртiбi өзгергенiн және қаражаты медициналық мекемелердi ұстауға пайдалануы мүмкiн ақылы медициналық қызмет көрсетулердiң көлемi артқанын ескеру қажет.
Облыстардың әлеуметтiк саланы қаржыландырудағы қажеттiлiгiн индикативтiк жоспардың жобалары мен бюджеттi қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп қарастырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi индикативтiк жоспардың жобалары мен жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезеңiнде бақылау сандарының құрамында қалалық және селолық жерлер бойынша жеке алып, бiр тұрғынға (бiр балаға, оқушыға) шаққандағы денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiн (аймақтар бойынша жеке тұрғыда) ұстауға арналған шығыстардың кепiлдi мөлшерiнiң көрсеткiштерiн облыстарға жеткiзедi.
Бұл көрсеткiштер денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiн жергiлiктi бюджеттен ұстауға арналған шығыстардың жалпы көлемiн айқындау кезiнде, сондай-ақ аймақтарға республикалық бюджеттен субвенциялар көлемiн айқындау кезiнде ескерiлетiн болады.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн бөлу олардың аймақ үшiн маңыздылығы, олардың желiлерiнiң оңтайландырылуы, өзiн-өзi қаржыландыру мүмкiндiгi, жекешелендiру және бұл объектiлердi ұстау мен пайдаланудың басқа да нысандары ескерiлiп жүзеге асырылады.
Аталмыш кезеңде тұрғын үй-коммуналдық салаларын дотациясыз жұмыс iстеуге көшiру аяқталады.
1997-1998 жылдар - әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi
жаппай жергiлiктi атқарушы органдарға беру кезеңi
Әлеуметтiк объектiлер мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, мектептер, денсаулық сақтау мекемелерi бойынша:
1997 жылы - барлық берiлетiн объектiлердiң кем дегенде 40 процентiн жергiлiктi бюджетке қабылдау-өткiзу;
1998 жылы - мұндай объектiлердi жергiлiктi атқарушы органдардың қабылдау-өткiзудi аяқтауы қамтамасыз етiледi.
1999-2000 жылдар - аяқтау кезеңi
Бұл кезеңде қаржыландыру көздерiн, оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындау арқылы кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға беру жөнiндегi жұмыстар толықтай аяқталады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы "4" шiлдедегi
N 844 қаулысына
1-қосымша
Заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi
атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудi
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫ
____________________________________________________________________
р\с шаралар Орындалу мерзiмi Орындауға жауаптылар
____________________________________________________________________
1. Заңды тұлғалардың шiлде 1996 ж Облыстар мен Алматы
(кәсiпорындардың) қаласының әкiмдерi
әлеуметтiк сала
объектiлерiн жергiлiктi
атқарушы органдарға
қабылдау-өткiзу
жөнiндегi облыстық
аумақтар комиссиясын
ұйымдастыру
2. Берiлетiн әлеуметтiк сала шiлде 1996 ж Комиссиялар
объектiлерiнiң әрқайсысы
бойынша белгiленген
нысанда ақпараттық деректер
жинау
3. Әлеуметтiк сала объектi. шiлде 1996 ж Комиссиялар
лерiнiң қызмет түрлерi
бойынша түгендеу
тiзiмдерiн жасау
4. Бiлiм беру, денсаулық шiлде 1996 ж Бiлiм министрлiгi,
сақтау объектiлерiн ұстауға Денсаулық сақтау
арналған шығындардың ең аз министрлiгi
мөлшерiн анықтау тәртiбiн Қазақстан
бекiту Республикасының
Қаржы министрлiгiмен
келiсiм бойынша
5. Аймақ бойынша бiр адамға, 1996 жылдың Облыстар мен Алматы
мектеп жасына дейiнгi бiр 10 тамызына қаласының әкiмдерi
балаға (оқушыға) шаққанда дейiн
денсаулық сақтау және бiлiм
беру объектiлерiн ұстауға
арналған шығыстардың ең аз
мөлшерiн анықтау
6. Кәсiпорындардан 1996 жылдың Облыстар мен Алматы
қабылданатын әлеуметтiк 15 тамызына қаласының әкiмдерi
сала объектiлерiн ескере дейiн
отырып, аймақтың әлеуметтiк
сала объектiлерi желiлерiн
оңтайландыру жөнiндегi
варианттарды есептеу.
Әлеуметтiк саланы тиiстi
бюджет қаражаттары мен қосымша
тартылған көздер есебiнен
ұстауға арналған қосымша
сомалар қажеттiлiгiн анықтау
7. Заңды тұлғалардан 1996 жылдың Облыстар мен Алматы
(кәсiпорындардан) 20 тамызына қаласының әкiмдерi,
жергiлiктi атқарушы дейiн Комиссияның ұсынуы
органдар балансына алынған бойынша
әлеуметтiк сала объектiлерiн
қабылдау кестесiн жасап,
бекiту
8. Облыстар бойынша бюджеттiң Қазақстан
жәрдемақылар мөлшерiн жасалу Республикасының
белгiлеу үшiн қосымша мерзiмдерi Қаржы министрлiгi,
қаражаттар қажеттiлiгiн облыстар мен Алматы
ескере отырып, алдағы жылға қаласының әкiмдерi
облыстар ұсынған әлеуметтiк
маңызы бар объектiлердi
қабылдау-өткiзу кестелерi
жобасының мемлекеттiк
бюджетте жасалу
мерзiмдерiн қарау
9. Тиiстi жылға арналған 1997-1998 Облыстар мен Алматы
қабылдау-өткiзу кестесiнде жылдар қаласының әкiмдерi,
көзделген мерзiмде заңды iшiнде заңды тұлғалар
тұлғалардың (кәсiпорындардың) (кәсiпорындар)
әлеуметтiк сала объектiлерiн
қабылдау
10. Жергiлiктi бюджетке 1997-2000 Облыстар мен Алматы
беруге жатпайтын iшiнде қаласының әкiмдерi,
әлеуметтiк сала Мемлекеттiк мүлiктi
объектiлерiн заңды басқару жөнiндегi
тұлғалардан аумақтық комитеттер,
(кәсiпорындардан) бөлу; заңды тұлғалар
қаржыландыру көздерiн, (кәсiпорындар)
олардың бұдан былай
пайдалану тәртiбi мен
шарттарын белгiлеу
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
"4" шiлдедегi
N 844 қаулысына
2-қосымша
Объектiлер бойынша түгендеу тiзiмдерiн
жасауға қажеттi мәлiметтердiң үлгi
тізбесi
Ұйымның түрi: Мектепке дейiнгi балалар мекемесi
____________________________________________________________________
Әлеуметтiк сала объектiлерiнiң сипаты Ескертулер
____________________________________________________________________
Атауы мен шарттық белгiсi Әрбiр мектепке дейiнгi балалар
мекемесiне тiркеу үшiн шарт
нөмiрi берiлуге тиiс
Тұрған жерi Облыс, қала, аудан
Мекен-жайы
Телефоны
Меншiк түрi
Материалдық-техникалық тұрғыда
қамтамасыз етiлуi
Ғимарат түрi Қабаттылығы, бiр (көп) қабатты
үйлер бөлiгi және басқалары
Алаңға орналасқан үйлер саны Оқу бөлмелерiнiң, офистердiң,
(ш.м.) музыка залдарының, ас үйлердiң
және басқаларының саны
Коммуналдық қызметтер Жылу жүйелерi, электр, су,
санитарлық объектiлер
Iргелес аумақтар Орналасқан аумағы (га) және
ондағы салынған құрылыстар
Жалпы-техникалық ахуалы Салынған жылы, сейсмикалық
төзiмдiлiгi, құрылыс түрi
(панельдi, кiрпiш, т.б.)
ғимараттың тозуы
Пайдалану қуаты (өткен және ағымдағы жылдар
ақпараттары)
Топтар саны Жынысы мен жасына қарай
Балалар саны
Оқыту тiлi
Арнайы топтар Дене бiтiмi және басқа
кемiстiгi бар балалар үшiн
Жұмыс тәртiбi
Тамақтану тәртiбi
Балаларының мектепке дейiнгi
мекемелерге барғаны үшiн
төленетiн төлемнен босатылған
ата-аналар процентi
Персонал
Барлық қызметкерлер
соның iшiнде
негiзгi персонал
Бюджет (соңғы жыл мен ағымдағы жылдың
нақты бағалануы)
персоналды ұстауға; жылу
жүйесi мен басқа да
коммуналдық қызметтерге;
үйлер мен ғимараттарды
жөндеуге;
тамақтануға;
басқаларына арналған
шығыстар
Кiрiстер:
балансында мектепке дейiнгi
балалар мекемесi бар заңды
тұлға арқылы бөлiнетiн қаражаттар;
бюджеттiк;
көрсетiлетiн қызметтер
төлемi;
басқалары Ата аналар мен мұғалiмдерден
тартылғандары
Жалпы мәлiметтер
Жақын маңдағы балалар Атауы, мекен жайы
бақшасы
Жақын маңдағы бастауыш Атауы, мекен жайы
мектеп
Қамтитын ауданы Балалардың жақын жердегi бала
бақшадан қашықтығы, арнайы
көлiгiнiң болуы
ЕСКЕРТУ: Басқа бiлiм беру объектiлерi бойынша сауалнамалар
олардың жұмыс ерекшелiктерi мен қаржыландырылу
тәртiбiн ескере отырып осыған ұқсас нысанда
толтырылады.
Ұйымның түрi: Денсаулық сақтау объектiлерi
____________________________________________________________________
Әлеуметтiк сала объектiлерiнiң сипаты Ескерту
____________________________________________________________________
Атауы мен шарттық белгiсi Әрбiр мекеменiң тiркелу үшiн
шарттық нөмiрi болуға тиiс
Тұрған жерi Облыс, қала, аудан
Мекен-жайы
Телефоны
Меншiк түрi
Материалдық-техникалық (өткен және ағымдағы жылдың
ахуалы ақпараттары)
Ғимарат түрi қабаттылығы, бiр (көп) қабатты
үйлер бөлiгi және басқалары
Алаңға орналасқан үйлер саны палаталар, кабинеттер,
зертханалар, ас үйлер саны,
т.б.
Коммуналдық қызметтер Жылу жүйелерi, электр, су,
санитарлық объектiлер
Iргелес аумақ Орналасқан аумағы (га) және
ондағы салынған құрылыстар
Жалпы-техникалық ахуалы Салынған жылы, сейсмикалық
төзiмдiлiгi, құрылыс түрi
(панельдi, кiрпiш, т.б.)
үйдiң тозуы
Жабдықтар жабдықтардың негiзгi атаулары
қызмет мерзiмi, ахуалы
Операциялық қуаты
Нақты қуаты керует-орынның болуы
Қызмет көрсетiлетiн
тұрғындар саны
Қызмет көрсету түрлерi Мамандар қызметiн қоса алғанда,
көрсетiлетiн қызмет түрлерi
Жұмыс сипаты диагностикалық санат бойынша
соңғы 12 ай iшiнде емделген
ауру түрлерi
Жұмыс тәртiбi
Персонал:
Барлық қызметкерлер
соның iшiнде
негiзгi персонал
Бюджет (соңғы жыл мен осы жылдың
нақты бағалануы)
Персоналды ұстауға; жылу
жүйесi мен басқа да
коммуналдық қызметтерге;
дәрi-дәрмек пен орау-
байлау материалдарына
үйлер мен ғимараттарды
жөндеуге;
тамақтануға;
басқаларына арналған
шығыстар
Кiрiстер:
балансында денсаулық сақтау
мекемесi бар заңды тұлға
арқылы бөлiнетiн қаражаттар;
бюджеттiк кiрiстер;
көрсетiлетiн қызметтер
төлемi;
басқалары қызмет түрлерiн көрсету керек
Жалпы мәлiметтер
Жақын маңдағы соған Атауы, мекен жайы
ұқсас мекеме
Байланыстар Пациенттердi емдеуге жiберетiн
ауруханалар, емханалар, басқа
да объектiлер
Қамтитын ауданы осы мекеменiң арақашықтығы,
алыстығы, арнаулы көлiгiнiң
болуы