Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 ақпан N 193. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.06. N 1004 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 шiлдедегi N 849  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1994 ж., N 32, 355 бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994-1995 жылдарда реформаларды тереңдету мен экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимылдарының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1995 жылғы 22 ақпандағы    
N 193 қаулысымен        
БЕКIТIЛГЕН           

Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және 
акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар 
және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы 
әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн 
жекешелендiрудiң тәртiбi туралы 
ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы ережелер 

       1. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын орындау мақсатында әзiрленген және ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компаниялар (бұдан әрi - компаниялар), акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк-мәдени және тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбiн және оны әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi ұйымдық шараларды белгiлейдi. 
      2. Осы Ережеде келтiрiлген тәсiлдер компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң бiрыңғай тактикасын белгiлеудi қамтиды, оның өзi кәсiпорындардың қаржы жағдайын жеңiлдетуге, әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi халыққа көрсететiн қызметтiң сапасын жақсартып, түр-түрiн көбейтуге, әлеуметтiк қызмет саласында бәсекелестiк жағдай туғызуға, белгiлi бiр аймақтың әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң қарап тұрған активтерiн iске қосуға мүмкiндiк бередi. 
      3.Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттер компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң жалпы тiзбесiн жасайды. Ол тiзбе үш топқа бөлiнедi. 
      Бiрiншi топқа белгiлi бiр аймақ пен жалпы республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi кiредi. Бұл топтағы объектiлер тiзiмi баланс ұстаушымен, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен келiсiлгеннен кейiн белгiленген ретпен солардың қарамағына берiледi. 
      Егер шаруашылық жүргiзушi субъектiлер меншiгiндегi әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн кезiнде қолданылған заңдарға сәйкес сатып алған болса, әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн беру немесе сату жергiлiктi өкiмет органы мен меншiк иесiнiң өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. 
      Бiрiншi топқа енгiзiлген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi берiлген сәтiнен бастап, тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылады. 
      Екiншi топқа компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында болатын және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн қажет, сол шаруашылық жүргiзушi субъект одан әрi ұстауды өз мiндетiне алатын әлеуметтiк-мәдени тұрмыс объектiлерi енгiзiледi. Бұл топтағы объектiлер тiзiмi компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың немесе ұжымдық кәсiпорындардың басшыларымен келiсiледi. Одан соң сол объектiлер шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жарғылық қорына мемлекеттiк жарна түрiнде енгiзiледi яки, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тiлегi бойынша, кейiн сатып алу құқығымен оның балансында қалдырылады. Сонымен қатар оларды шаруашылық жүргiзушi субъектi дереу сатып алатындай нұсқаның қаралуы мүмкiн. 
      Әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң бұл тобы объектiлердiң бiрiншi тобы анықталғаннан кейiн қалыптастырылады, жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келiсiлгеннен кейiн оны мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитет бекiтедi. 
      Екiншi топқа енгiзiлген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн барлық жағдайларда әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн беру туралы шарт жасалған сәттен бастап, бес жыл бойы қайта сатуға және олардың қызмет бағдарын өзгертуге болмайды. 
      Үшiншi топқа компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн де, сондай-ақ сол аймақ үшiн де әлеуметтiк маңызы жоқ әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi енгiзiледi. Осы топтағы объектiлер тiзiмi жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келiсiлiп, оны мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитет бекiтедi. Объектiлердiң осы тобы бойынша мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитет оларды қолданылып жүрген заңға сәйкес жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды, оны әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiсi өз балансындағы компанияның, акционерлiк қоғамның немесе ұжымдық кәсiпорынның басшылығымен алдын-ала келiсiп алады. 
      Егер әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiсi компанияның, акционерлiк қоғамның жарғылық қорына кiрсе немесе бұрын қолданылған заңға сәйкес құрылған ұжымдық кәсiпорынның меншiгi болып табылса, оны шаруашылық жүргiзушi субъект қолданылып жүрген заңға сәйкес өзi сата алады. 
      Компания немесе акционерлiк қоғам, сондай-ақ ұжымдық кәсiпорын осы Ереже бекiтiлгенге дейiн жергiлiктi атқарушы өкiмет органының балансына берген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi шағын жекешелендiру объектiлерiн жекешелендiрудiң қолданылып жүрген нормативтiк актiлерiнде белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитетпен және жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келiсе отырып, жекешелендiрiледi. 

            2. Әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн 
               жекешелендiру механизмi 

       4. Үшiншi топтағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiру алдында тиiстi әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансынан бөлiп алу түрiндегi ұйымдық шаралар көзделедi. Бұл жағдайда бөлiнiс балансы жасалады. 
      Бөлiп алынған объектiлер кейiн екi ай iшiнде шағын жекешелендiру шеңберiнде аукцион-конкурс саудаластығы арқылы сатылуға немесе акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылып, акциялардың мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондарда немесе тендерлерде сатылатын болуға тиiс.<*> 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.04.25. N  507 қаулысымен.  
      5. Сатушының шешiмi бойынша, объектi компанияның, акционерлiк қоғамның немесе ұжымдық кәсiпорынның балансынан шығарылғаннан кейiн және объектi саудада сатылғанға дейiн, оны бұрынғы баланс ұстаушының өткен режимде пайдалануына болады. Бұл орайда сатылатын сәтiне дейiн бұл объектiнiң жаңа заңды ұйым етiп өзгертiлуiне жол берiлмейдi.<*> 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.04.25. N  507 қаулысымен. 
      6. Сатып алынған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi немесе олардың мүлiктерi үшiн ақы төлеу, жекешелендiру туралы мәмiленi ресiмдеу, есеп айырысудың тәртiбi жекешелендiру процестерiн реттейтiн нормативтiк актiлерге сәйкес жүргiзiледi. 
      7. Компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын жекешелендiру шеңберiнде сатып алу жөнiндегi аукциондар, коммерциялық конкурстар ұйымдастыру туралы ережеге және оған толықтыруларға сәйкес өткiзiледi. 
      Компаниялар, акционерлiк қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату жөнiндегi аукциондар, тендерлерде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы N 138 қаулысымен бекiтiлген Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудың тәртiбi және оны сатудан алынған қаражатты пайдалану (оны сатудан алынған қаражатты пайдаланудан басқасы) туралы ережеге сәйкес өткiзiледi.<*> 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.04.25. N  507 қаулысымен.

                3. Сатудан түскен түсiмдi бөлу 

       8. Әлеуметтiк-мәдени объектiлердi сатудан алынған қаражат сауданы ұйымдастыру мен өткiзуге арналған шығыстарды қоспай, мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.<*> 
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда, 9 және 10-11-тармақтар 
(4-бөлiм) алынып тасталған - ҚР Үкіметінің 1996.04.25. N  507 қаулысымен. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады