1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Ұлттық комиссия төрағадан, төрт мүшеден, орталық аппараттан және оның облыстық аумақтық басқармаларынан тұратын болып белгiленсiн.
Ұлттық комиссияның төрағасы материалдық тұрмыстық қамтамасыз етудiң, оған көлiктiк және медициналық қызмет көрсетудiң шарттары Қазақстан Республикасы министрдiң дәрежесiнде, ал Ұлттық комиссияның мүшелерiне - министрдiң орынбасарының дәрежесiнде белгiленедi.
3. Облыстарда 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық комиссияның аумақтық басқармалары құрылсын.
4. <*>
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң штаттық саны 21 адам бухгалтерлiк есеп пен есептеменiң методологиясы, оны ұйымдастыру және бақылау департаментi таратылсын және облыстар мен Алматы қаласы бойынша қаржы басқармаларындағы бухгалтерлiк есеп пен есептеменi ұйымдастыру және бақылау жөнiндегi желiмдердiң қызметкерлерiнiң саны 170 адамға қысқартылсын.
6. <*>
7. Ұлттық комиссияның орталық аппараты мен оның аумақтық басқармаларын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражаттардың есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
8. <*>
ЕСКЕРТУ. 4,6,8-тармақтарының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
N 1662 қаулысымен. P961662_
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылы Ұлттық комиссияның орталық аппараты мен аумақтық басқармаларын ұстауға қажеттi қаражаттар мен еңбекке ақы төлеу қорын бөлсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бұдан былай Ұлттық комиссияға қажеттi жабдықтар мен мүкәммалдар, ұйымдық және көбейткiш техникалар, автомашиналар сатып алуға, үй-жайларды күрделi жөндеуге, сондай-ақ бухгалтерлiк есептi дамыту шаралары мен бағдарламаларына арнап қаражат қарастыратын болсын.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ұлттық комиссияның орталық аппаратына және аумақтық басқармаларына қызмет үйлерiн берсiн.
12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiпте Ұлттық комиссияның орталық аппаратын берiлген тапсырыстар мен қажеттi есептеулер бойынша керектi телефон, телефакс, факсимильдiк, компьютерлiк және арнаулы, оның iшiнде халықаралық байланыспен қамтамасыз етсiн.
13. Бухгалтерлiк есеп стандарттарын қараудың объективтiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың мамандарынан, ғалымдардан бухгалтерлiк есеп жөнiнде сарапшы кеңесi құрылсын.
Ұлттық комиссияның төрағасы бiр ай мерзiм iшiнде бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшы кеңестiң құрамы мен ол туралы ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
14. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) 1-қосымшаның 2-бағанының 18-жолындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық
комиссиясымен бiрлесiп 1996 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде бухгалтерлiк есеп мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген заң актiлерiне тиiстi өзгертулер енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясын туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы (Бұдан әрi - Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеп, есеп жүргiзудiң негiзгi қағидаттары мен жалпы ережелерiн, iшкi бақылау мен сыртқы аудит талаптарын белгiлейтiн, Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Ұлттық комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өкiлеттiктер мен жауапкершiлiктердiң бәрiн толықтай иеленетiн төрағадан, комиссия мүшелерiнен, сондай-ақ орталық аппараттан және оның аумақтық басқармаларынан тұрады.
Ұлттық комиссияның төрағасы мен мүшелерi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеу саласында шешiмдер қабылдау, сондай-ақ iшкi бақылау мен сыртқы аудит жөнiндегi талаптар бойынша бiрдей мәртебе мен тең құқықтарды иеленедi.
3. Ұлттық комиссияның төрағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ұлттық комиссияның мүшелерiн Ұлттық комиссия төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ұлттық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық және өзге де актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Ұлттық комиссияның негiзгi мiндеттерi:
республикада бухгалтерлiк есептi дамыту және оны бухгалтерлiк есептiң халықаралық жүйесiмен кiрiктiру;
бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң, қаржылық есеп берудiң әдiстемесiн айқындау және оны экономиканың барлық салалары үшiн үйлестiрiп отыру;
зерттеулер жүргiзу, экономиканың барлық салаларындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың бухгалтерлiк есебiнiң жай-күйiн талдау және оны үйлестiру;
бухгалтерлiк ақпараттың мәнi мен мақсаттарын түсiнудi жетiлдiру;
бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлердiң дұрыс қаралуын және қабылдануын қамтамасыз ету;
бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдар мен нормативтiк актiлердiң сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
аудиторлық қызметтi лицензиялау;
республикадағы кәсiпқой бухгалтерлердi сертификаттау (аттестациялау) болып табылады.
6. Ұлттық комиссия өзiне жүктелген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес:
Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларына арналған бухгалтерлiк есептiң әдiстемесiн әзiрлейдi;
бухгалтерлiк есеп стандарттарын, қаржы-шаруашылық қызметтiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын, қаржылық есеп берудiң қалыптарын бекiтедi, өзгертедi және алып тастайды;
өзiне жүктелген өкiлеттiктер шегiнде қаулылар, соның iшiнде нормативтiк құқықтық сипаттағы қаулылар шығарады;
кәсiпқой бухгалтер сертификатын бередi;
бухгалтерлердiң кәсiби қызметiнiң жаңа түрлерiн, сондай-ақ осындай қызметтiң ережелерi мен стандарттарын айқындайды;
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен келiсе отырып бухгалтердiң кәсiптiк қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеп, бекiтедi;
мемлекеттiк тағы басқа органдардан талдау және зерттеу жүргiзуге қажеттi ақпараттар алады;
өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктер бередi;
белгiленген тәртiпке баспасөз басылымдарын, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқа да мекемелердi құрады;
республикалық, халықаралық кәсiпорындардан, ұйымдардан көмек ретiнде өтеусiз алынған қаражаттар есебiнен ұлттық комиссияның жанынан бухгалтерлердi оқытып, кейiннен оларды сертификаттауды жүзеге асыратын оқу орталығын құрады;
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен белгiленген тәртiпте мерзiмдi және бiр жолғы ақпараттар алып отырады;
бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң күшiн тоқтату немесе олардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
жекелеген жағдайларда бухгалтерлiк есеп стандарттарын, бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын жасау жөнiндегi өкiлеттiктердi мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға беруге құқылы;
Ұлттық комиссияның аумақтық басқармаларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешедi;
Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
7. Ұлттық комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ кем дегенде айына бiр рет өткiзiлiп тұрады.
8. Ұлттық комиссияның мәжiлiстерiн Ұлттық комиссияның төрағасы өткiзедi. Ұлттық комиссия өз мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқанда қаулы қабылдауға қақылы. Ұлттық комиссияның қаулысы қатысушы мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
9. Ұлттық комиссияның төрағасы:
Ұлттық комиссияның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның мүшелерi арасындағы мiндеттердi бөледi;
Үкiметпен, республиканың министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттермен, орталық атқарушы органдармен, халықаралық және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Ұлттық комиссияны танытады;
бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша халықаралық дәрежеде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi, бухгалтерлiк есеп пен аудит бойынша конференциялар ұйымдастырады және оларға қатысады;
Ұлттық комиссияның мемлекеттiк органдармен барлық меншiк нысанындағы ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
Ұлттық комиссияның бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлердi, анықтамалық-әдiстемелiк және ақпараттық материалдарды бастыруына басшылық жасайды;
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру жөнiндегi заңдар мен нормативтiк актiлердiң енгiзiлуi мен сақталуына бақылау ұйымдастырады;
көмек көрсету және кеңестер беру үшiн бiлiктi сарапшыларды контрактiлiк негiзде тартады;
аудиторлық қызметтi лицензиялауға басшылық жасайды;
орталық аппараттың, оның аумақтық басқармаларының қызметiн басқарады, орталық аппаратқа жүктелген өкiлеттiктердiң орындалуына дербес жауап бередi, лауазымды адамдардың жауапкершiлiк дәрежесiн, құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды және олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады;
Ұлттық комиссия орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық басқармалары туралы ережелердi бекiтедi;
белгiленген адам саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде орталық аппараттың және аумақтық басқармалардың штат кестелерiн бекiтедi;
өз құзыретi шегiнде орталық аппараттың және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдау, қызмет бабында ауыстыру және жұмыстан босату мәселелерiн жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және еңбек заңдарында көзделген жазаларды белгiлейдi;
орталық аппарат пен аумақтық басқармалар қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер шығарады, сондай-ақ нұсқаулар бередi.
10. Ұлттық комиссияның орталық аппараты:
Ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi;
бухгалтерлiк есеп стандарттарын, қаржы-шаруашылық қызмет
бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын, қаржылық есеп беру қалыптарын, нұсқаулықтар мен олардың түсiнiктемелерiн әзiрлеп, енгiзедi; Ұлттық комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларына сараптау жүргiзедi; республикадағы бухгалтерлiк есептiң жай-күйiне және оның келешекте дамуына талдау жасайды; заңдарда өзiне жүктелген басқа да мiндеттердi атқарады. 11. Ұлттық комиссияның қызметi республикалық бюджеттiң қаражаттары. <*> ЕСКЕРТУ. 11-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_ 12. Ұлттық комиссия заңды тұлға болып табылады, оның банкте ағымдағы, есеп айырысу және өзге де шоттары мен қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi болады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы аумақтық басқармаларының ТIЗБЕСI Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Алматы ұлттық комиссиясының Алматы басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ақмола ұлттық комиссиясының Ақмола басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ақтөбе ұлттық комиссиясының Ақтөбе басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Атырау ұлттық комиссиясының Атырау басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Өскемен ұлттық комиссиясының Шығыс Қазақстан басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Жамбыл ұлттық комиссиясының Жамбыл басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Жезқазған ұлттық комиссиясының Жезқазған басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Орал ұлттық комиссиясының Батыс Қазақстан басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Қарағанды ұлттық комиссиясының Қарағанды басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Қызылорда ұлттық комиссиясының Қызылорда басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Көкшетау ұлттық комиссиясының Көкшетау басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Қостанай ұлттық комиссиясының Қостанай басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ақтау ұлттық комиссиясының Маңғыстау басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Павлодар ұлттық комиссиясының Павлодар басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Петропавл ұлттық комиссиясының Солтүстiк Қазақстан басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Семей ұлттық комиссиясының Семей басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Талдықорған ұлттық комиссиясының Талдықорған басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Арқалық ұлттық комиссиясының Торғай басқармасы қаласы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Шымкент ұлттық комиссиясының Оңтүстiк Қазақстан басқармасы қаласы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының ҚҰРЫЛЫМЫ Төраға Комиссия мүшелерi Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамасы мен жалпы стандарттары басқармасы Бухгалтерлiк есептiң мамандандырылған стандарттары басқармасы Құқықтық және талдау жұмысы басқармасы Қаржы-есеп бөлiмi Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi