Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде 50 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985
қаулысының
4, 6, 8-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 312-құжат).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1662 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Төраға
Комиссия мүшелерi
Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамасы мен жалпы стандарттары
басқармасы
Бухгалтерлiк есептiк мамандандырылған стандарттар басқармасы
Құқық және талдау жұмысы бөлiмi
Қаржы-есеп бөлiмi
Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi