Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 8 мамыр N 2983. Күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1997.05.26. N 3531 Жарлығымен. ~U973531

      Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есептiң бiртұтас жүйесiн жасау мен оны үйлестiрiп отыру мақсатында және "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен қаржы есептемесi жүйесiн реттеп отыратын, есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерi мен ережелерiн, iшкi бақылау мен сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн орталық атқарушы орган болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының басты мiндеттерi:
      1) Республикада бухгалтерлiк есептi дамыту және оны бухгалтерлiк есептiң халықаралық жүйесiмен интеграциялау;
      2) бухгалтерлiк есеп пен қаржы есептемесiнiң әдiснамасын айқындау және оны экономиканың барлық салалары үшiн үйлестiрiп отыру;
      3) зерттеу және талдау жұмысын жүргiзу, бухгалтерлiк есеп стандарттарын, қаржы есептемесiнiң нысандамасын, қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзу шоттарының жоспарын әзiрлеу мен бекiту болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық

комиссиясы туралы Ереженi бекiтсiн;
     2) Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық
комиссиясын қаржымен, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оны
орналастыру мәселелерiн шешсiн.
     5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады