Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 қыркүйек N 1151

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi мекемелерiн 1996/97 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Мына ұсыныстарға келiсiм берiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Борлы" акционерлiк қоғамының ("Карагандауглеразрезi" мемлекеттiк кәсiпорны) "Борлы" акционерлiк қоғамының орталықтандырылған несие бойынша республикалық бюджетке берешегiн өтеу есебiне 58045 (елу сегiз миллион қырық бес мың) теңгеге 35823 тонна көмiр беру туралы және аталған сомада 1996 жылғы 20 қыркүйектегi жай-күйi бойынша олардың пайдалану уақытындағы жылдық 10 процентi. <*>
      Алматы қаласындағы "Рысты-АЭВРЗ" акционерлiк қоғамының, оның республикалық бюджетке қосымша құнға салынатын салық бойынша - 20 (жиырма) миллион теңге, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша - 20 (жиырма) миллион теңге қарызын өтеу есебiне 55944 тонна көмiр беру туралы.
      Аталған көмiр жеткiзiлiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң мұқтаждықтарына жұмсалсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1996.11.25. N 1437 қаулысымен. P961437_

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық- атқарушылық мекемелерi қосымшаға сәйкес кесте бойынша көмiр алғаннан кейiн "Бөрлi" акционерлiк қоғамының директивалық кредиттер бойынша, "Рысты-АЭВРЗ" акционерлiк қоғамының - қосымша құнға салынатын салық және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген сомадағы республикалық бюджетке берешектерiне бiр жолғы есеп алу жүргiзсiн;
      аталған сома Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Қолбасшысының Бас басқармасын қаржыландыру есебiне алынсын;
      есепке алуды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде аталған соманы көрсете отырып жүргiзсiн.
      "Борлы" акционерлiк қоғамы жоғарыда аталған орталықтандырылған

несиенi пайдалану уақытындағы бұрын есептелген проценттерiнiң
қалған бөлiгiн төлеуден босатылсын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 
              1996.11.25. N 1437 қаулысымен.

     3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының iшкi әскерлерi әскери бөлiмшелерiнiң олардың
қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерiне коммуналдық қызмет көрсеткенi
және азық-түлiк бергенi үшiн кредиторлық қарыздарын өтеуiн аталған
есепке алуды жүргiзу есебiне жүргiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы "20" қыркүйектегi
                                           N 1151 қаулысына
                                               қосымша 
     
         Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiне көмiр жөнелтудiң
                            КЕСТЕСI 
_____________________________________________________________________
          і                  Акционерлiк  қоғамдар
          і__________________________________________________________
          і           "Бөрлi"          і         "Рысты-АЭРВЗ"
          і__________________________________________________________
    Айы   і   Көмiр  іЖөнелтiлген      і Көмiр  іЖөнелтiлген көмiрдiң
          і  мөлшерi,ікөмiрдiң бағасы  імөлшерi,ібағасы (ҚҚС,темiржол
          і  тонна   і(ҚҚС қоса есепте.і тонна  іақысын, басқа қыз.
          і          ігенде), мың      і        іметтердi қоса есеп.
          і          і  теңгемен       і        ітегенде),
          і          і                 і        і мың теңгемен
_____________________________________________________________________
 қыркүйек    15240       24690           30000      21450

 қазан       15000       24310           20000      14300

 қараша        -           -              5944       4250

  Барлығы:  30240        49000           55944      40000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады