1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының 1996-1997 жылдары Ресей Ғылым академиясымен жетiсу аяқтыбалығын жасанды жолмен ұстау және өсiру технологиясын әзiрлеу жөнiнде бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Жануартану және жануарлар генофонды институтына 1996-1997 жылдары Талдықорған облысындағы Борохудзир өзенiнiң су алабында қырық жетiсу аяқтыбалығын және оның екi рет шашқан уылдырығын алуға рұқсат берсiн және хайуанаттарға тәжiрибе жүргiзуге
арналған өсiп-өну ортасына жiберуге бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi