Жетiсу аяқтыбалығының өсiмiн жасанды жолмен молайту жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қазан N 1221

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қыркүйектегi N 2463 Z933300_ Заңына сәйкес Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жетiсу аяқтыбалығының санын қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының 1996-1997 жылдары Ресей Ғылым академиясымен жетiсу аяқтыбалығын жасанды жолмен ұстау және өсiру технологиясын әзiрлеу жөнiнде бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Жануартану және жануарлар генофонды институтына 1996-1997 жылдары Талдықорған облысындағы Борохудзир өзенiнiң су алабында қырық жетiсу аяқтыбалығын және оның екi рет шашқан уылдырығын алуға рұқсат берсiн және хайуанаттарға тәжiрибе жүргiзуге

арналған өсiп-өну ортасына жiберуге бақылауды қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейiн
Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады