Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық жарылыстар зардап шеккен халықты медициналық оңалту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қараша N 1361

      Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында радиациядан зардап шеккен халықты сауықтыру және ядролық жарылыстар салдарының зардабын жою проблемаларының айрықша маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Қаржы министрлiгiнiң және Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша және "Полигон - 29 тамыз" қоғамдық қайырымдылық қорын (бұдан әрi - Қор) тарта отырып бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық жарыстар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту жөнiнде қосымша шаралар бағдарламасын әзiрлесiн және оны бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қордың жақын және алыс шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен жұмысын дамытуға жан-жақты жәрдем көрсетсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi мен Кеден комитетi Қордан қайырымдылық қызметi бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салықтар мен кеден бажын алуды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қорға белгiленген тәртiппен қызметтiк
үй-жай беруге көмектессiн.
     5. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, облыстардың және
Алматы қаласының әкiмдерi бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық жарыстар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту
жөнiндегi қосымша шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға қатыссын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады