1. "Әлiбекмола және Кеңқияқ (тұзды) мұнай кен орындарын игеру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 930 қаулысының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi және Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi конкурс комиссиясының материалдарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 5 қарашадағы N 505 өкiмiмен құрылған Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға берсiн.
3. Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия осы жоба бойынша өткiзiлетiн тендерлер мен конкурстарды ұйымдастыруды және өткiзудi республикада қазiргi уақытта өткiзiлiп жатқан мұнай-газ кешендерiндегi жекешелендiру жөнiндегi халықаралық тендерлер аяқталғанға дейiн кейiнге қалдырсын.
4. Үкiмет Аппаратының Басшысы Т.Қ.Бегахметов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi жобаларының толық және дұрыс рәсiмделуiне бақылауды күшейтсiн. Үкiмет шешiмдерiн шығару кезiнде жiберген қате үшiн атқарушылардың жауап беретiндiгi туралы ескертсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi