Жол қорының 1997 жылға арналған бюджетi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 20 ақпандағы N 238

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Жол қорының 1997 жылға арналған

бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiсi мен шығысы бойынша 9495 млн.
теңге сомасында бекiтiлсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1880
              қаулысымен.  

P971880_

  
     2. Жол қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң кiрiс бөлiгi
мыналардың есебiнен құралады деп белгiленсiн:
     автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдардан;
     Қазақстан Республикасы аумағына келгенi, кеткенi және жүрiп
өткенi үшiн алынатын төлемдерден;
     бөлшек саудада сатылатын бензин мен дизель отынын сатқаны үшiн
алынатын алымдардан;
     мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алынатын
төлемдерден;
     заңмен көзделген басқа да түсiмдерден.
     3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi:


      1997 жылға арналған бюджетте республикалық жол қорына түсетiн қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жалпы мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi қаржыландыру үшiн резерв құруды көздей отырып, Жол қоры кiрiсiнiң облысаралық реттелуiн қамтамасыз етсiн.
      Жол қоры қаражатының есебiнен орындалатын жұмыстар, негiзiнен тендер арқылы жүргiзiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және облыстардың әкiмдерi арнаулы жол қорына төлемдердiң толық және уақытылы түсуiн, сондай-ақ олардың нысаналы пайдалануын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Жол

қорына қаржының толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз етуге
жәрдемдессiн.
     6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жол қоры бюджетiнiң
орындалу барысы туралы тоқсан сайын хабарлап отырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
     
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1880 
              қаулысымен  

P971880_

 .

                                   Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                   1997 жылғы 31 желтоқсандағы
                                   N 1880 қаулысымен
                                          бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Жол қорының 1997 жылға
                          арналған бюджетi

                                              (мың теңге)
___________________________________________________________________
  Кiрiстер мен шығыстардың        |Барлығы | Оның iшiнде
  баптары                         |        |_______________________
                                  |        |республика. |облыстық Жол
                                  |        |лық Жол қоры|қоры
___________________________________________________________________
     Кiрiстер
___________________________________________________________________
1. 1997 жылдың 1 қаңтарындағы       258240      95137      163103
   қаражаттың қалдығы
___________________________________________________________________
2. Автомобиль жолдарын пайдала.     7192990     4627668     2565322
   нушылардың аударымдары
___________________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасының        535700      535700        -
   аумағына келгенi, кеткенi және
   жүрiп өткенi үшiн алынатын
   төлемдер
___________________________________________________________________
4. Бөлшек саудада бензин мен        1178610     589306     589304
   дизель отынын сатқаны үшiн
   алым
___________________________________________________________________
5. Ақылы мемлекеттiк автомобиль     60000       60000        -
   жолдарымен жүргенi үшiн
   алынатын төлемдер
___________________________________________________________________
6. Басқа да түсiмдер                269460      118189     151271
___________________________________________________________________
     Кiрiстердiң жиыны              9495000     6026000    3469000
___________________________________________________________________
     Шығыстар
___________________________________________________________________
1. Кiрiспен жабылмаған 1996 жылдың  674731      399059     275672
   шығыстары
___________________________________________________________________
2. Жолдарды ағымдағы жөндеу,        3519281     1467298    2051983
   күтiп ұстау, көгалдандыру
   және басқару
___________________________________________________________________
3. Жолдарды және олардағы           2915030     1874012    1041018
   құрылыстар салу, күрделi және
   орташа жөндеу
___________________________________________________________________
4. Жалпы мемлекеттiк маңызы         1863564     1863564       -
   бар объектiлердi қаржыландыруға
   арналған резерв
___________________________________________________________________
5. Басқа да шығыстар                522394      422067     100327
___________________________________________________________________
     Шығыстардың жиыны             9495000      6026000    3469000
___________________________________________________________________
     Кiрiстiң шығыстан артуы          0            0          0
___________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады