Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетi аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 26 адам санында бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнде Төрағаның бiр орынбасары және саны 6 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiне "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1656
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi шегiнде және соның есебiнен 1 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 20 ақпандағы
N 241 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Орман шаруашылығын дамыту бөлiмi
Орман қорғау, күзету және мемлекеттiк бақылау бөлiмi
Аң шаруашылығы бөлiмi
Қаржы, бухгалтерлiк есеп және кадр жұмысы бөлiмi
Өнеркәсiптiк қызмет және инвестициялар бөлiмi
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар секторы