1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 186 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ 12 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 9 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1801 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Мал дәрiгерлiгi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 472 қаулысының 5-тармағы: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1801 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 808 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1656 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Экономикалық реформалар және қаржыландыру бас басқармасы Ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсi технологиясының бас басқармасы Техникалық саясат, сервис және ғылыми қамтамасыз ету басқармасы Мал дәрiгерлiгi комитетi (заңды тұлға құқығында) Орман және аң шаруашылығы бас басқармасы (заңды тұлға құқығында) Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң маркетингi және сапасы басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Балық шаруашылығы басқармасы Бақылау және ұйымдастыру-атқарушылықпен қамтамасыз ету басқармасы Кадр және жұмылдыру жұмысы бөлiмi Құқықтық жұмыс бөлiмi Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi