Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетi аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 ақпандағы N 241. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 32 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетi аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 26 адам санында бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнде Төрағаның бiр орынбасары және саны 6 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiне "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1656 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi шегiнде және соның есебiнен 1 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң              
1997 жылғы 20 ақпандағы       
N 241 қаулысына            
қосымша                  

             Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
       министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң
                         ҚҰРЫЛЫМЫ

     Орман шаруашылығын дамыту бөлiмi
     Орман қорғау, күзету және мемлекеттiк бақылау бөлiмi
     Аң шаруашылығы бөлiмi
     Қаржы, бухгалтерлiк есеп және кадр жұмысы бөлiмi
     Өнеркәсiптiк қызмет және инвестициялар бөлiмi
     Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар  секторы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады