Ақтөбе облысының энергетикалық қуатын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 13 наурыздағы N 319

      Ақтөбе облысының тұтынушыларын энергиямен тұрақты қамтамасыз ету, Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын пайдалану есебiнен оның энергия көздерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ақтөбе облысы әкiмiнiң және "EREM Sуstемs, Ltd (АҚШ)" компаниясының Ақтөбе облысында Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын пайдалана отырып қуаттылығы 150 МВт болатын энергетикалық қуаттылықтар құрылысын салу ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын қуаттылығы 150 МВт iске қосылатын газ құбырлы электр станциясына пайдалану үшiн оны өндiру жөнiндегi шығынның көлемiнен аспайтын баға бойынша сатуды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақтөбе облысының әкiмiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады