Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 мамырдағы N 904

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. 1997 жылғы 4 наурызда Анкарада қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен

Түркия тарабына хабарласын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк

       Республикасының Үкiметi арасындағы ғылым мен техника

                 саласындағы ынтымақтастық туралы

                            КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi
      ғылымды дамытуда өзара мүдделiлiкке негiзделген екi жақты ғылым мен техникалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында,
      ғылыми-техникалық ынтымақтастық екi елдiң достық байланыстарын

 

нығайтудың негiзгi жолдарының бiрi және маңызды факторы деп есептей

отырып,

     теңдiк, өзара тиiмдiлiк, халықаралық құқық принциптерiне

негiзделген, өзара және технологиялық байланыстарды дамыту үшiн

құқықтық негiз бен қолайлы жағдайлар жасау тiлегiн бiлдiре отырып,

     төмендегiлер жөнiнде келiстi:


                               1-бап


     Уағдаласушы Тараптар өзара тиiмдi екi жақты ғылыми және

техникалық байланыстарды орнату мен дамытуға белсендi жәрдемдеседi.


                               2-бап


     Уағдаласушы Тараптар екi елдiң тиiстi ғылыми мекемелерi арқылы

жүзеге асырылатын ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша

ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.


                               3-бап


     Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мына нысандарда жүзеге

асрылады:

     - бiрлескен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды

келiстiрiлген жұмыс жоспарлары, келiсiмдерi және контракттарына

сәйкес орындау;

     - ғалымдар мен мамандардың өзара зерттеу жұмыстары үшiн

iс-сапарлары;

     - өзара негiзде ғылыми мамандар және сарапшылар алмасулар;

     - аспиранттар және стажерлер алмасулар;

     - бiрлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар және жұмыс

семинарларын ұйымдастыру;

     - өзара тиiмдi ғылыми және техникалық ақпарат пен құжаттар

алмасу.

     Осы Келiсiм негiзiнде бiрлескен ғылыми-техникалық орталықтар

мен ғылыми-зерттеу объектiлерiн құру;

     - екi елдiң технологиялық жетiстiктерiн жәрдемдесу үшiн

бiрлескен көрмелер мен экспозициялар ұйымдастыру және қолдау көрсету;

     - бiрлескен ғылыми еңбектер әзiрлеу және жариялау;

     - үшiншi елдердiң ғылыми ұйымдарымен байланыстарға қол ұшын

беру.


                               4-бап



 
       Ноу-хауды қоса алғанда, ғылыми және зерттеу жұмыстары, ғылыми

 

зерттеулер нәтижесiмен, бiлiм, тәжiрибе және ақпарат, алмасу осы

мақсаттарда жасалатын арнайы келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.


                               5-бап


     Сарапшылар және ғалымдар делегацияларымен өзара алмасу кезiнде,

олардың болуына кететiн шығындарды қабылдаушы Тарап көтередi. Жолдың

екi басының көлiк шығындарын жiберушi Тарап төлейдi. Күтпеген

жағдайлар бола қалса, сарапшылар немесе ғалымдарды дәрiгерлiк емдеу

құнын қабылдаушы Тарап төлейтiн болады.


                              6-бап


     Бiрлескен зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық мақсатта

пайдалану, тек қана арнаулы Келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылуы қажет.


                              7-бап



 
       Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы және Түрiк Республикасының ғылым мен техника жөнiндегi кеңесi (ТUВIТАК), Түрiк Республикасының ғылым Акадмиясы (TUBA) осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн Уағдаласушы Тараптардың атқарушы органдары болып табылады.
 
                                8-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар әрбiр жақтың өздерi тағайындаған

 

өкiлдерiнен тұратын ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөнiндегi

Бiрлескен комиссия құрады, олар:

     өзара мүдделiлiкке сәйкес бағдарламаларды орындайды және оларды

жүзеге асыруға жауапкершiлiктi алады;

     орындаушы - ұйымдар арасындағы тiкелей байланыстардың дамытуын

үйлестiредi және жәрдемдеседi.

     Бiрлескен Комиссия өз мәжiлiстерiн екi жылда бiр рет кезекпен

екi мемлекет астаналарында өткiзедi.


                               9-бап


     Осы Келiсiм шеңберiндегi барлық iс-қимыл (iс-әрекет) Уағдаласушы

Тараптар мемлекеттерiнiң қызмет қолданыстағы заңдары мен нормативтi

актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.


                              10-бап


     Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты пiкiр

алшақтықтар Уағдаласушы Тараптар арасындағы консультациялар жолымен

шешiлетiн.

     Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсуiмен

толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн.


                              11-бап



 
       Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген заңдарында көзделген iшкi мемлекеттiк процедуралары орындалғаннан кейiн және бұл туралы Уағдаласушы Тараптарға хабарланғаннан кейiн күшiне енедi.
 
                                12-бап
 
      Осы Келiсiм бес жылғы мерзiмге жасалады және егер Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн кемiнде алты ай бұрын оның қолданысын өзiнiң тоқтатқысы келетiнi туралы жазбаша мәлiмдесе, келесi бiр жылға өздiгiнен ұзартылады.

 

     Осы Келiсiмнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiн Уағдаласушы Тараптар

осы Келiсiм қолданыста болған кезiнде қабылданған жобаларды

жалғастыруға және аяқтауға құқық бередi.

     Анкара қаласында 1997 жылғы 4 наурызда екi данада әрқайсысы

қазақ және түрiк тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң

күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының       Түрiк Республикасының

          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады