Әскери мүлiктi сатудан және жалға беруден алынған қаражатты пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 маусымдағы N 971

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң республикалық бюджетте бекiтiлген әскери мүлiктi сатудан түсетiн қаражатқа қосымша әскери мүлiктi (қару-жарақты, әскери техника мен объектiлердi, басқа материалдық ресурстарды) сатудан және жалға беруден алған, осы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi шығыстарды шегергендегi қаражат толық көлемiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтажына жұмсалады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаражатты аудару үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде арнайы банкiлiк шот ашсын және ол қаражаттың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтажы үшiн мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз етсiн.
      3. "Әскери мүлiктi сатудан алынған қаражатты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 1179-54қ қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады