"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау пен көтерме сатуды лицензиялаудың қоса берiлiп отырған ережесі мен шарттары бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. Атауы мен 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
2. Лицензиаттар - этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер өндiрушiлер 1998 жылдың 30 сәуiрiне дейiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң шарттарын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келтiрсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың бiлiктiлiк
талаптары жөнiндегi нормативтiк құжаттардың тiзбесiн даярлап,
облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне жiберсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 31 шiлдедегi
N 1195 қаулысымен
бекiтiлген
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил
спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь
өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды
лицензиялаудың ережесi мен шарттары
ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
I. Жалпы ережелер
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың ережесі мен шарттары "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ және "Қазақстан Республикасында этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiрудi, импорттау мен сатуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 14 ақпандағы N 217 P970217_ қаулыларына сәйкес әзiрлендi, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
2. Осы Ереже заңды және жеке тұлғаларға этил спиртiн мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатумен байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң ережелерiн белгiлейдi.
2-1. Сауда алаңдары мен залдарын пайдалануды көздемейтiн тауар
қоймаларынан жүргiзiлетiн сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ
кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру
мақсатында көлемi шектелместен еркiн тиеп-жөнелту алкогольдi
өнiмдердi (сырадан басқа) көтерме сату болып табылады және оны қайта
сатуды көздейтін.
ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 577
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
3. Лицензия (патент) әрбiр қызмет түрiне берiледi.
Қызмет түрлерi:
этил спиртiн өндiру;
алкоголь өнiмiн өндiру;
этил спиртiн сақтау мен сату;
алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сату.
2. Лицензия берудiң тәртiбi
4. Лицензия (патент) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгiдегi өтiнiш;
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi - заңды тұлғалар
үшiн;
өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрлерi үшiн қойылатын бiлiктiлiк деңгейi мен талаптарына сай екенiн растайтын құжаттар;
санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
лицензиялық алымға ақы төленгенiн растайтын құжат;
экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы - этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге лицензия алу үшiн;
жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ сөздер мен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.01.27.
N 39 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19.
N 31 қаулысымен. P990031_
5. Лицензиялық алымның мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша айқындалады.
6. Лицензия (патент) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi және ол қатаң есептiлiк құжаты болып табылады.
Лицензиялардың (патенттердiң) бланкiлерiн есепке алу мен сақтау уәкiлеттi мемлекеттiк органға (лицензиарға) жүктеледi.
7. Филиалдарда, өкiлдiктерде, басқа да аумақтық оқшауландырылған объектiлерде қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда өтiнiм жасаушы әр филиалға, өкiлдiкке, объектiге осы Ереженiң 4-тармағының төртiншi, бесiншi және жетiншi абзацтарында айтылған құжаттарды ұсынады.
Лицензияға өтiнiм берушi қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге
асыратын әр филиал, өкiлдiк, объектi туралы мәлiмет кiргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
8.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
9. Лицензия (патент) беру туралы шешiм барлық қажеттi
құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде ал шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешiктiрмей
қабылданады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
10. Лицензия (патент) бiр данада ресiмделедi, жоғалған жағдайда
жаңартылмай, белгiленген тәртiп бойынша қайта берiледi.
11. Лицензияға (патентке) лицензиялау органының басшысы не
осыған уәкiлеттi адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен
куәландырылады.
III. Лицензиаттың құқықтары мен мiндеттерi
12. Лицензиаттың:
лицензияның (патенттiң) күшiн кiдiрту, уақытша тоқтату немесе оны керi қайтарып алу мәселелерi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезде қатысуға;
лицензия (патент) беруден бас тартуға, сот тәртiбiмен бiр ай мерзiм iшiнде шағымдануға;
лицензияның (патент) күшiн сот тәртiбiмен уақытша тоқтатуға, шағымдануға құқығы бар.
13. Лицензиат:
санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да қолданылып жүрген заңдарды сақтауға;
осы Ережеде лицензиатқа қойылған талаптарды сақтауға;
алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде тек тамақтық шикiзаттан алынған этил спиртiн қолдануға;
этил спиртiн сатып алушы алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер өндiруге алған лицензиясын немесе этил спиртiн сақтауға және сату құқығына лицензиясын көрсеткенде ғана сатуға;
емдеу және фармацевтiк дәрi-дәрмектер дайындау үшiн мемлекеттiк медициналық мекемелерге акциздер төлеместен этил спиртi құжаттармен расталған, бөлiнген квотаға сәйкес ғана сатылады;
берушiлер мен тұтынушыларға шағып, тиiстi журналдық есеп жүргiзуге;
белгiленген үлгiге сәйкес сертификаты жоқ, мiндеттi сертификаттауға жататын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен таңбалауға жататын, акциздiк алым маркiлерiнсiз тауарларды сатпауға;
тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) қауiпсiздiгiн бақылайтын орган оларды айналымнан алу туралы шешiм жариялаған жағдайда тауарларды сатуды дереу тоқтатуға мiндеттi;
этил спиртiн мемлекеттiк медициналық мекемелерге емдеу және фармацевтiк дәрi-дәрмектер дайындау үшiн акциздер төлеу арқылы белгiленген квотадан артық сату;
этил спиртi алкогольдi емес өнiмдердi дайындау кезiнде технологиялық процестерге пайдалану үшiн тек лицензиардың рұқсатымен ғана сатылады;
алкогольдi өнiм (сырадан басқа) сатып алушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген алкогольдi өнiмдердi сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясын немесе бөлшек сауданы жүзеге асыруға арналған рұқсатын және жеке кәсiпкерлiкті мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi көрсеткен кезде ғана сатылады.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19.
N 31 қаулысымен. P990031_
IV. Лицензиаттың жауапкершiлiгi және лицензиялық алымның
төленуiне бақылау жасау
14. Өтiнiш берушi лицензия (патент) алу үшiн, өзi ұсынған құжаттардың сенiмдiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
15. Лицензиат қызметтi лицензиясыз (патентсiз) жүзеге асырғаны
үшiн белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Лицензиялық тәртiп белгiленген, лицензиясыз (патентсiз) қызметтi
жүзеге асырудан алынған табыс уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап
қоюы бойынша тиiстi бюджетке алынуға жатады, заң актiлерiнде белгiленген
жағдайларды қоспағанда.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
16. Лицензиялық алымның бюджетке толық және уақтылы төленуiне
бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.
V. Лицензияларды есепке алу және
лицензияланатын қызметке бақылау жасау
17. Лицензияларды (патенттердi) есепке алу және лицензиялық
ережелердiң сақталуына бақылау жасау лицензиарға жүктеледi.
18. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау мыналарды
қамтиды:
қызметтiң лицензияланатын қызметтiң бұл түрiне қойылатын
талаптарға сай келуiн тексеру;
лицензиаттың лицензияда көрсетiлген қызмет түрiмен айналысуын
тексеру;
этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымын есепке алудың жай-күйiн
және оның қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растауды тексеру.
19. Бақылау лицензиардың бастамашылығымен, мерзiмдiлiктi және
лицензияланатын субъектiлердi тексерудiң қамтылуын көздейтiн өзi
бекiткен күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша жүргiзiледi.
20. Тәртiп бұзушылықтар туралы ақпарат түскен жағдайда жоспардан
тыс тексерулер болуы мүмкiн.
21. Тексерудiң нәтижелерi, нысанын лицензиар бекiтетiн актiмен
ресiмделедi.
VI. Лицензия беруден бас тарту, оның күшiн тоқтату,
керi қайтарып алу және уақытша тоқтату
22. Егер:
лицензиялауға қажеттi барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнiш берушi
көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
лицензия бергенi үшiн алым немесе патент үшiн ақысы төленбесе;
өтiнiш берушi белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса;
өтiнiш берушiге қатысты оған бұл қызмет түрiмен айналысуға тыйым
салған сот шешiмi болса;
заң актiлерiмен белгiлеген өзге жағдайларда лицензия (патент)
берiлмейдi.
23. Мына себептермен:
өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын
беру орынсыз деп;
нарық өндiруге не сатуға лицензия (патент) қажет етiлетiн тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) молыққан;
нарықта монополиялық жағдай қамтамасыз етiлген;
өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк беделi күмәндi, оның iшiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрынғы тыйым салулар бойынша сотталуы, егер мұндай тыйым салулар мен керi қайтарулар заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес өз күшiн жоғалтты
(өтелсе) деп саналғанда бұрынғы лицензияларды (патенттер) керi
қайтарылды деген себептермен лицензия (патент) беруден бас тартуға
тыйым салынады.
24. Лицензия (патент) беруден бас тарту туралы хабарлама бас
тарту себептерi көрсетiле отырып, субъектiге жазбаша түрде, қолы
қойылып, тапсырылады немесе лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде
почтамен, хабарын алатын етiп жiберiледi.
25. Лицензия (патент) тек мына:
лицензия (патент) берiлген мерзiм аяқталғанда;
лицензия (патент) берiлген iс-әрекет толық көлемде орындалғанда;
лицензия (патент) керi қайтарылып алынғанда;
жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда, заңды тұлға қайта
ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда ғана өз күшiн тоқтатады.
26. Лицензиянiң (патенттiң); күшiн тоқтатуға байланысты дауларды
сот шешедi.
27. Заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензия (патент) мынадай
жағдайларда:
лицензиат лицензиядағы (патенттегi) талаптарды орындамағанда;
лицензиар лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтатқан себептердiң
жойылмауы;
лицензиаттың лицензия (патент) алған қызмет түрiмен айналысуға
сот тыйым салғанда лицензия сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынады.
28. Лицензиаттың лицензия ережелерiн орындамағандығы лицензиар немесе
өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексеру арқылы
анықталады.
ЕСКЕРТУ. 28-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
29. Лицензиат лицензия талаптарын орындамаған жағдайда лицензиар лицензияның (патенттiң) күшiн алты ай мерзiмге дейiн тоқтатуға құқылы.
30. Лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексеру нәтижелерi бойынша, лицензиардың қатысуымен жүргiзiледi.
31. Лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтата тұру туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орны туралы лицензиатқа қолын қойғызып немесе почта арқылы хабарламамен (хабар алынып) айтылады.
32. Лицензиат жазбаша түрдегi қайта шақырудан кейiн келмеген жағдайда лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
33.
ЕСКЕРТУ. 33-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
34. Лицензиардың лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтата тұру
туралы шешiмi лицензиатқа қолы қойылып тапсырылады не оған почта
арқылы хабарлама (хабар алынып) жiберiледi.
35. Лицензиат лицензияның (патенттiң) күшi тоқтатылған
себептердi жойғаннан кейiн, лицензияның (патенттiң) күшi қайта
жаңартылады, бұл туралы лицензиат қолы қойылып жазбаша түрде не почта
арқылы хабарлама (хабар алынып) жiбередi.
36. Лицензиар лицензияның (патенттiң) күшiн жаңарту туралы
шешiмдi тексеру жүргiзгеннен кейiн қабылдайды.
37.
ЕСКЕРТУ. 37-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен.
VII. Лицензиялық қызмет түрi бойынша лицензиялау
субъектiсiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
38. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия (патент) бiлiктiлiк деңгейi бұл қызмет түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.
39. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиялар (патенттер) мыналар:
этил спиртi мен алкоголь өнiмiн (шарап пен сырадан басқа) жылына кемiнде 200 мың дал көлемiнде өндiру мүмкiндiгi;
белгiленген тәртiппен сертификатталған технологиялық және көмекшi жабдықтар;
лицензиар пломбылаған және белгiленген талаптарды қанағаттандыратын спирт өлшейтiн аппараттар (этил спиртiн өндiру кезiнде) және көлемдi есептейтiн приборлар (алкогольдi өнiмдер өндiру кезiнде);
өнiм өндiру мен оның сапасын химиялық және технологиялық бақылау жөнiндегi сынақ лабораториялары өтiнiш берушiге аттестацияланған;
қызмет аясында нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық құжаттамалар;
этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiн химиялық, технологиялық және микробиологиялық бақылау, сондай-ақ олардың өндiрiсi мен айналымын бастапқы және бухгалтерлiк есепке алу журналдары;
нормативтiк және техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес өндiрiстiк жұмысын қамтамасыз ететiн тұрақты коммуникациялары - сумен, бумен, мұздатумен, электр жабдықтау және канализация қызметi;
таразы және өлшеу шаруашылығы;
нормативтiк құжаттамалардың талаптарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiн, өндiрiстiң жолай өнiмдерiн, шикiзатты, көмекшi материалдарды, ыдыстарты сақтаудың белгiленген жағдайлары;
өндiрiстiк және сынақ лабораторияларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтамасыз ету;
жабдық ерекшелiктерi бар аппараттық-технологиялық өндiрiс схемасы жабдықтарды орналастырудың жинақтау жоспары болғанда берiледi.
ЕСКЕРТУ. 39-тармақтың 4 абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1998.01.27. N 39 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 39-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
39-1. Этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге арналған лицензия өзiнiң өндiрiстiк үй-жайы, құю желiсi және этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру үшiн қажеттi өзге де технологиялық жабдықтары бар ұйымдарға берiледi. Көрсетiлген мекен-жайлар мен жабдықтарды жалдау қатынастарымен байланысты қызметтi лицензиялауға жол берiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 39-1 тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
40. Этил спиртiн сақтау мен сатуға, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуға лицензиялар (патенттер) мыналар:
үй-жайлар;
негiзгi - тауарларды сақтауға, қабылдау мен босатуға арналған, қабылдап-ашу, буып-түю, автомобильдiң және/немесе темiр жолдың келу орны;
көмекшi - ыдыс сақтауға арналған жөндеу шеберханалары, тауар үлгiлерi және тауар сату бөлмелерi, өнiм сапасын тексеретiн лабораториялар (этил спиртiн сақтау және сату кезiнде) және сертификатталған лабораториямен сатып алынатын және сатылатын өнiмдердiң сапасына (алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату кезiнде) бақылау жасауды жүзеге асыруға арналған шарт;
- инженерлiк-техникалық - желдеткiш камералары, қазандықтар, шаруашылық мүкаммалы мен жабдықтарын сақтауға арналған, көтеру-көлiктiк механизмдерiнiң тұрағына арналған күзет және өрттен сақтау қызметтерiне арналған;
кәсiпорынның материалдық-техникалық базасының: коммуникация жүйелерi - суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, жылу беру, электрмен жабдықтау, желдеткiш;
өртке қарсы қондырғылардың, күзеттiк дабыл белгiлерiнiң, қойма, көтеру-көлiк, бақылау-өлшеу аспаптарының тиiстi техникалық жағдайы;
тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, этил спиртiн сақтаумен және сатумен, алкоголь өнiмдерiн сақтаумен, көтерме сатумен айналысатын кәсiпорынның қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер және техникалық құжаттама (санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, алкоголь iшiмдiктерi мен сыраның бөлшек саудасының ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң, қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерi және т.б.);
сатып алынатын және сатылатын өнiмнiң сапасын бақылаудың тиiстi жүйесi;
этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң айналымына бастапқы және бухгалтерлiк есеп жүргiзу болғанда, берiледi.
ЕСКЕРТУ. 40 тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_
40-1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға лицензиялар 40-тармақта көзделген талаптардан басқа:
шығындары және салықтар мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiң алдында берешегi болмаған;
сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi болған кезде берiледi.
ЕСКЕРТУ. 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 577
қаулысымен. P980577_
41. Этил спиртiн сатуға, аталған өнiмдi сақтау сатысын көздемейтiн (көтерме сату жөнiндегi операциялардағы сауда-делдалдық қызмет) алкогольдi өнiмдердI (сырадан басқа) көтерме сатуға лицензиялар беруге аталған Ереженiң 40-тармағында көрсетiлген мекен-жайлардың, техникалық және метрологиялық қамтамасыз етудiң тиiстi құрамы болмастан рұқсат етiлген көлемнiң, салмақтың немесе мөлшердiң шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияларын жасауға жол берiледi. Бұл жағдайда 4-тармақтың төртiншi және жетiншi абзацтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 41 тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31
қаулысымен. P990031_