Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiмде этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi көтерме және бөлшек сатуды лицензиялауды енгiзу көзделген "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзсiн.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармағының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.30. N 1037
қаулысымен. P971037_
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi алкогольдi өнiмдi өндiрудi лицензиялау тәртiбi мен шарттарына этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өндiру көлемiн мiндеттi мәлiмдеудi қоссын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
P990031_
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк салық комитетi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылдың 1 наурызына дейiн алкогольдi өнiмдi өндiру мен айналысына бақылау жасауды және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуді қамтамасыз ететiн органдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн әзiрлесiн және оны Үкiметке бекiтуге енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Экономика министрлiгiнiң келiсiмдерi бойынша кеден төлемдерi мен салықтарды акциз депозитiне енгiзудi қамтамасыз ете отырып, спирт пен алкогольдi өнiмнiң барлық түрiн транзиттеуге рұқсат беру тәртiбiн жасасын және оны 1997 жылдың 1 наурызынан бастап енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi спирт және алкогольдi өнiмдi өндiрушiлердi тарта отырып, бiр ай мерзiмде "Спирт және алкогольдi өнiмдi өндiрудi және оның айналысын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың орындылығы туралы ұсыныс әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және оның айналысы тәртiбiн бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктi күшейтудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп сәуiр айында 1996 жылдың және 1997 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналысына талдау жасасын және оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi