Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 39. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы  N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  P951894_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымша: 
      реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 3-бағандағы "этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-бағандағы "Алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттiк нөмiрi 34-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру; 
      алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату"; 
      "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақ импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031  P971031_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат): 
      3-тармақтың екiншi абзацындағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат): 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыға 2-6-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен арақтан басқа) лицензиялар берсiн."; 
      Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi этил спирті мен арақтардың импортына лицензиялар берсін"; 
      4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып есептелсiн. 
      <*> 
      <*> 
      <*> 
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640  P971640_  қаулысына: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде; 
      "Негiзгi мiндеттерi" деген тарау мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын: 
      "20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау"; 
      20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып есептелсiн; 
      көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымы" деген 1-қосымшада: 
      "Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)" деген сөздермен толықтырылсын. 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармағының 17-23 абзацтары күшін жойды - ҚР Үкіметінің 
               1999.08.27. N 1258 қаулысымен.  P991258_  
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
               1999.09.21. N 1433 қаулысымен.  P991433_  

 
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 

    Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады