Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 маусым N 577. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1258 қаулысымен. ~P991258

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 P971195_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Сауда алаңдары мен залдарын пайдалануды көздемейтiн тауар қоймаларынан жүргiзiлетiн сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру мақсатында көлемi шектелместен еркiн тиеп-жөнелту алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) көтерме сату болып табылады.";
     мынадай мазмұндағы 40-1 тармақпен толықтырылсын"
      "40-1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) сақтауға және көтерме

сатуға лицензиялар 40-тармақта көзделген талаптардан басқа:
     шығындары және салықтар мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi
бойынша мемлекеттiң алдында берешегi болмаған;
     сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс
тәжiрибесi болған кезде берiледi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады