Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi мекемелер мен кәсiпорындарды "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру туралы

Қазақстан Респуликасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261

      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) мен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын.
       2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2007.01.29. N 64 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      4. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiрдейлiк, техникалық және құндық сипаттарын айқындау жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi:
      бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғыларын бекiтсiн;
      заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын. P041120
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12 қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      10. "Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 30 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 15-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

О преобразовании учреждений и предприятий по оценке и регистрации недвижимого имущества в государственные предприятия "Центры по недвижимости Агентства по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 августа 1997 г. N 1261

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 25 декабря 1995 г. N 2727 "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 168) и постановления Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 1997 г. N 236 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 25 декабря 1995 г. N 2727" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 8, ст. 56) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: см. Z070310
       1. Преобразовать областные (городские) учреждения и предприятия по оценке и регистрации недвижимого имущества, находящиеся в ведении Министерства юстиции Республики Казахстан, в государственные предприятия "Центры по недвижимости Агентства по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан" (на праве хозяйственного ведения) с системой филиалов в административно-территориальных единицах (далее - Предприятия).
      2. (исключен - Постановлением Правительства РК от 29 января 2007 года N 64 ).
      3. Определить уполномоченным органом государственного управления, а также органом, осуществляющим по отношению к предприятиям, указанным в пункте 1 настоящего постановления, функции субъекта права государственной собственности, Агентство по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан. P041120
      4. Основными задачами Предприятий определить:
      осуществление деятельности по определению идентификационных, технических и стоимостных характеристик объектов недвижимости, а также иной деятельности, необходимой для ведения Правового кадастра.
      5. Агентству по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан:
      в месячный срок утвердить уставы Предприятий;
      осуществить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию Предприятий.
      6. (Пункт 6 исключен - постановлением Правительства РК от 5 января 2000 г. N 12 )
      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.01.2016 № 39 (вводится в действие с 01.03.2016).
      8. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      9. Министерству юстиции Республики Казахстан в двухмесячный срок внести в Правительство Республики Казахстан предложение о приведении ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.
      10. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 января 1995 г. N 30 "Об оценке и регистрации недвижимости" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 2, ст. 15).

    Премьер-Министр
  Республики Казахстан