Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 64 Қаулысы

      Әкiмшiлiк реформаны iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Маңызды стратегиялық мәнi бар көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 848  қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы  N 848 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы N 158  қаулысы .

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, бiр апта мерзiмде "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталықтары" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жарғыларын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 29 қаңтардағы 
N 64 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 

      1. "Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi мекемелер мен кәсiпорындарды "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 358-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 906  қаулысында :
      3-тармақта "жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1120 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат)  қаулысында :
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу;";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
      10-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшiншi абзацтағы "сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындарға жылжымайтын мүлiк объектілерiн сәйкестендiру, техникалық және құндық сипаттамаларын айқындау, жылжымалы мүлiк кепiлдiгiн тіркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге мәселелерi бойынша қызметті үйлестіру және әдiстемелiк көмек көрсету;".

      4. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқықтық, сот, қылмыстық-атқарушылық қызмет" функционалдық тобында, 09 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында, 221 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 001 "Мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасы бойынша "2498514" деген сандар "2002477" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдардың аппараты" кiшi бағдарламасында "2447698" деген сандар "2943735" деген сандармен ауыстырылсын.

      5. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  221-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолдағы 6) тармақша алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн ", жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады