1. Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде аталған қаражатты екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк шоттарына есептеу құқығынсыз прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотын ашсын.
2. Шотты қалыптастыру көзi, салық қызметi органдары тексеру жүргiзген не бюджеттiң кiрiс бөлiгiн атқаруды және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi қамтамасыз ету бойынша заңдарда көзделген шаралар қабылданған жағдайларды қоспағанда, прокуратура органдарының қуыным жұмыстарының нәтижесiнде, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың басқа да шараларымен мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу және мемлекеттiк бюджеттi толықтыру жөнiндегi жұмыс нәтижелерiнiң 10 процентi мөлшерiнде аударымдар болып белгiленсiн.
3. Прокуратура органдары өндiрiп алуға ұсынған сомалар салық органдарының бюджетке төленетiн төлемдермен бiрдей күнтiзбелiк кезектiлiкпен өндiрiп алуына жатады.
4. Мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемелер жөнiндегi прокурорлық қызметтiң нәтижесiнде өндiрiп алынған және прокуратура органдарының билiгiнде қалатын сомалар салық органдарында көздер мен салық төлеушiлерге шаққандағы бюджетке түскен сомалар ретiнде есепке алынады.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына есептелген қаражаттың сомасына ай сайын өзара салыстыру жүргiзiп отырсын.
6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әдiлет
министрлiгi, Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотының қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына түскен қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары