Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шоттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйек N 1345. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1298 қаулысымен. ~P981298

      "Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрес және 2000 жылға дейiнгi құқық қорғау қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 3558 U973558_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және олардың қызметiн ынталандыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде аталған қаражатты екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк шоттарына есептеу құқығынсыз прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотын ашсын.
      2. Шотты қалыптастыру көзi, салық қызметi органдары тексеру жүргiзген не бюджеттiң кiрiс бөлiгiн атқаруды және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi қамтамасыз ету бойынша заңдарда көзделген шаралар қабылданған жағдайларды қоспағанда, прокуратура органдарының қуыным жұмыстарының нәтижесiнде, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың басқа да шараларымен мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу және мемлекеттiк бюджеттi толықтыру жөнiндегi жұмыс нәтижелерiнiң 10 процентi мөлшерiнде аударымдар болып белгiленсiн.
      3. Прокуратура органдары өндiрiп алуға ұсынған сомалар салық органдарының бюджетке төленетiн төлемдермен бiрдей күнтiзбелiк кезектiлiкпен өндiрiп алуына жатады.
      4. Мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемелер жөнiндегi прокурорлық қызметтiң нәтижесiнде өндiрiп алынған және прокуратура органдарының билiгiнде қалатын сомалар салық органдарында көздер мен салық төлеушiлерге шаққандағы бюджетке түскен сомалар ретiнде есепке алынады.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына есептелген қаражаттың сомасына ай сайын өзара салыстыру жүргiзiп отырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әдiлет

министрлiгi, Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде Прокуратура
органдарының бюджеттен тыс шотының қаражатын қалыптастыру мен пайдалану
тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн.
     7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi прокуратура
органдарының бюджеттен тыс шотына түскен қаражаттың жұмсалуына бақылау
жасауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады