Қазақстан Республикасы бiлiм және мәдениет мекемелерiнiң, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектiлерiнiң атауы мен қайта аталуы және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 қарашадағы N 1485

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:

               а) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне:

                         Ақтөбе облысы бойынша

      Ақтөбе облыстық қазақ драма театрына - халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Тахауи Ахтановтың;
      Шалқар ауданындағы Тұмалыкөл орта мектебiне - белгiлi педагог,

Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген мұғалім Мейiрхан
Орынбасаровтың;

                        Алматы облысы бойынша

     Талғар ауыл шаруашылығы колледжiне - белгiлi қоғам қайраткерi
Мәсiмхан Бейсебаевтың;
     Жамбыл ауданының Жамбыл ауылындағы орта мектепке - қазақтың ұлы
ақыны Жамбыл Жабаевтың;
     Райымбек ауданының Текес орта мектебiне - Қарқара көтерiлiсiн
ұйымдастырушылардың бiрi Қазыбек Шормановтың;

                        Жамбыл облысы бойынша

     Сарысу ауданындағы Ұйым орта мектебiне - Ұлы Отан соғысына
қатысушы, мерген Ыбырайым Сүлейменовтың;
     Шу ауданындағы Далақайнар орта мектебiне - белгiлi экономист,
академик Түймебай Әшiмбаевтың;
     Жамбыл университетiне - белгiлi тарихшы, ғалым Мұхемад Хайдар
Дулатидiң;

                      Қарағанды облысы бойынша

     Балқаш тау-кен-металлургия колледжiне - белгiлi ғалым, геолог,
Лениндiк сыйлықтың лауреаты Әлихат Мусиннiң;

                      Қызылорда облысы бойынша

     Тереңөзек ауданындағы Қарауылтөбе орта мектебiне - белгiлi
жазушы Айтбай Хангельдиннiң;
     Қармақшы ауданындағы N 27 Жосалы лицейiне - белгiлi қоғам
қайраткерi Сүлеймен Есқараевтың;

                       Қостанай облысы бойынша

     Қостанай қаласындағы N 24 орталау мектепке - халық жазушысы
Сырбай Мәуленовтың;

                      Маңғыстау облысы бойынша

     Маңғыстау ауданындағы N 2 Шетпе орта мектебiне - белгiлi ғалым
Берекет Жұмалиевтың;
     Ақтау қаласындағы N 20 орта мектепке - аса көрнектi жазушы
Мұхтар Әуезовтiң;

                  Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

     Арыс қаласындағы жаңа орта мектепке - аса көрнектi жазушы Мұхтар
Әуезовтiң;
     Түркiстан қаласындағы Құшата орта мектебiне - Социалистiк Еңбек
Ерi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткерi Мұстафа
Қазыбековтың;

                       Павлодар облысы бойынша

     Лебяжi ауданындағы Жаңаауыл орта мектебiне - белгiлi ғалым
Бекмұрат Уахатовтың;

                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша

     Зайсан ауданындағы Сауыр орта мектебiне - ауданның
әлеуметтiк-экономикалық дамуына зор үлес қосқан педагог-ұйымдастырушы
Мұрат Дәуленовтың;
     Ұлан ауданындағы Манат орталау мектебiне - Қамза Ақжоловтың;
     Глубокое ауданындағы қазақ орта мектебiне - белгiлi жазушы
Оралхан Бөкеевтiң;


      Шығыс Қазақстан техникалық университетiне - Қазақстан Республикасында жоғары бiлiм берудi ұйымдастырушылардың бiрi, осы университеттiң алғашқы ректоры Дәулет Серiкбаевтың;

                         Алматы қаласы бойынша

      Бостандық ауданындағы N 138 қазақ мектеп-лицейiне - көрнектi

әдебиетшi-ғалым, қоғам қайраткерi Мүсiлiм Базарбаевтың;
     Алматы ауданындағы N 36 қазақ орта мектебiне - халық ақыны
Бөлтiрiк Атыханұлының;
     Қазақстан Республикасының Орталық стадионына - қазақтың даңқты
палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың;
     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Заңдылық,
құқық тәртiбi проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары
кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институтына - республиканың алғашқы
прокуроры, 1937 жылы жалған жаламен қуғын-сүргiнге ұшыраған Сүлеймен
Есқараевтың есiмдерiн беру туралы;

         б) мына бiлiм және мәдениет мекемелерi мен басқа да
           физикалық-географиялық объектiлердiң атауларын:

                        Ақтөбе облысы бойынша

     Ырғыз ауданындағы Киров атындағы орта мектептi - Құмтоғай орта
мектебi;

                        Жамбыл облысы бойынша



      Қордай ауданындағы ХХII партсъезд атындағы орта мектептi - Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп;
      Қордай ауданындағы Ленин атындағы орта мектептi - көрнектi мемлекет қайраткерi Дiнмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп;
      Сарысу ауданындағы Ленин атындағы орта мектептi - Әйтеке би атындағы орта мектеп;
      Байзақ ауданындағы Буденновка орта мектебiн - Түймекент орта мектебi;
      Байзақ ауданындағы Политотдел орта мектебiн - Көктал орта мектебi;

                       Қызылорда облысы бойынша

      Қармақшы ауданындағы Калинин атындағы N 105 орта мектептi - ауданның экономикасы мен мәдениетiне айтарлықтай үлес қосқан қоғам қайраткерi Ахметжан Жанпейiсов атындағы орта мектеп;

                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Төле би ауданындағы Блинков атындағы орта мектептi - белгiлi суретшi, еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Тоқболат Тоғысбаев атындағы орта мектеп;
      Төле би ауданындағы "Большевик" орта мектебiн - Кеңес Одағының Батыры, белгiлi металлург Қосан Мамытов атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданындағы Ворошилов атындағы N 53 орталау мектептi - аса көрнектi жазушы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданындағы ХVII партсъезд атындағы N 29 орта мектептi -

белгiлi педагог Керiм Тiленшин атындағы орта мектеп;
     Созақ ауданындағы Крупская атындағы орталау мектептi - көрнектi
мемлекет және қоғам қайраткерi Нәзiр Төреқұлов атындағы орталау мектеп;
     Мақтарал ауданындағы Макаренко атындағы орта мектептi - ұстаз,
сондай-ақ аудан мен облыстың экономикасын дамытуға елеулi үлес қосқан
Нұртаза Ысмайылов атындағы орта мектеп;

                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша

     Ұлан ауданындағы Қазақ КСР-iнiң 40 жылдығы атындағы орта
мектептi - белгiлi педагог Мүтән Таенов атындағы орта мектеп;

                        Алматы қаласы бойынша

     Каменское плато үстiртiн - Терiсбұтақ төбесi;
     Каменка өзенiн - Терiсбұтақ өзенi;
     Прямуха өзенiн - Тiксай өзенi;
     Казачка өзенiн - Жарбұлақ өзенi;
     Горельник өзенiн - Күйгенсай өзенi;
     Весновка өзенiн - Есентай өзенi;
     Батерейка өзенiн - Беделбай өзенi деп өзгерту туралы;

                 в) мына атаулардың транскрипциясын:

                      Қарағанды облысы бойынша

     станция Ктай - станция Актай, қазақ тiлiнде Ақтай стансасы;

                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша

     станция Чарск - станция Шар, қазақ тiлiнде Шар стансасы;
     станция Аягуз - станция Аягоз, қазақ тiлiнде Аягөз стансасы;
     станция Суурлы - станция Суырлы, қазақ тiлiнде Суырлы стансасы;
     разъезд Кзыл Чар - разъезд Кызылшар, қазақ тiлiнде Қызылшар
разъезi;
     река Чар - река Шар, қазақ тiлiнде Шар өзенi;
     река Аягуз - река Аягоз, қазақ тiлiнде Аягөз өзенi деп өзгерту
туралы ұсыныстары қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады