"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн
одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655
Жарлығын iске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1.
2.
3.
4.
ЕСКЕРТУ. 1,2,3,4-тармақтары күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.07.22.
N 686 қаулысымен.
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 645 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 646 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 646 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 1099 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi